1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк зерттеу гранттары бойынша конкурстың қорытындысын шығарды  

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеу жүргізу үшін грант беруге ізденушілер арасындағы 2023 жылдың мамыр айында хабарланған конкурстық іріктеудің нәтижесін хабарлайды.

Ұлттық Банк гранттарды экономикалық зерттеулерді дамыту, ақша-кредит саясаты мен қаржылық тұрақтылық саласында және орталық банк қызметінің басқа да бағыттары аясында академиялық қоғамдастықтың ғылыми әлеуетін жұмылдыру мақсатында береді.

Конкурстық іріктеу кезінде 2023 жылғы 11 мамыр мен 24 маусым аралығында барлығы 17 өтінім түсті. Оның ішінде 12-сі алдын ала тексеруден кейін сарапшылық бағалауға жіберілді. Әрбір өтінім зерттеудің тиісті тақырыбына бастамашы болған Ұлттық Банктің бөлімшелерімен ғана емес, тәуелсіз екі рецензентпен де қаралды.

Грант үлестіру жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттердің және Ұлттық Банк бөлімшелерінің қорытынды пікірін ескере отырып, өтінімдер жан-жақты қаралған соң грант алуға берілген мына өтінімдерді мақұлдау туралы шешім қабылдады:   

665-өтінім

Дағдарыстан кейінгі тұтынушылық сұраныс (халықаралық және қазақстандық тәжірибе)

Қазақстан-Британ техникалық университеті

696-өтінім

Дағдарыстан кейінгі тұтынушылық сұраныс (халықаралық және қазақстандық тәжірибе)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

688-өтінім

Қаржылық алаяқтыққа, атап айтқанда, пирамидаларға, интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы тұру

Сүлеймен Демирел атындағы университет

702-өтінім

Жұмыспен қамту көрсеткіштері: жұмыссыздықты бағалаудың балама әдістері

 

«Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (Applied Economics Research Centre)» ЖШС

Өтінім №

Зерттеу тақырыбы

Ізденуші

Грант алушыларға грант беру туралы хабарлама мен қол қою үшін грант беру туралы шарт жіберіледі.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға