1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің Ұлттық төлем корпорациясын құру туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ҚБЕО) қайта құру жолымен Ұлттық төлем корпорациясы (бұдан әрі – Корпорация, «ҰТК» АҚ) құрылғанын хабарлайды.

Ұлттық Банктің ережесі мен құрылымына, сондай-ақ ҚҰБ еншілес ұйымдарының құрамына тиісті өзгерістер енгізілді. ҰТК құру ҚҰБ Директорлар Кеңесінің қаулысымен бекітілген.  

Ұлттық төлем корпорациясы нарықтың барлық қатысушысы үшін тең қолжетімділік қағидаты бойынша ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.

ҰТК ҚБЕО-ның заңды мұрагері болып табылады және төлем нарығына қатысушылар үшін сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастыруда, оның ішінде банкаралық клиринг, банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу бойынша қызметтерді көрсетіп, қашықтан цифрлық сәйкестендіруді жүзеге асырады. 

ҰПК функциялары мен міндеттеріне цифрлық қаржылық инфрақұрылымды одан әрі дамыту да, оның ішінде «Цифрлық теңге», Open Banking жобаларын іске асыру арқылы кіреді.

ҚБЕО-ны Ұлттық төлем корпорациясы етіп қайта құру елдегі төлем инфрақұрылымының тиімділігін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын одан әрі арттыруға, сондай-ақ инновациялық өнімдерді енгізіп, қаржы секторын цифрландыру қарқынын жеделдетеді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға