1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 25 тамыз – 1 қыркүйек аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,8%-ға (460,17 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары 456,39 теңгені құрады.

Әлемнің қаржы нарығында 25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ-тың еңбек нарығына қатысты жарияланған деректеріне сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 3,5%-дан 3,8%-ға дейін өсіп, талдаушылардың күткенінен асып түсті. Жұмыс күшінің қатысу деңгейі 62,6%-дан 62,8%-ға дейін өсті. Ауыл шаруашылығына жатпайтын секторда жұмыспен қамтылғандар саны 170 мың болады деп күткен кезде, тамызда 187 мыңға ұлғайды. ФРЖ мөлшерлемені қыркүйекте сақтайды деп күтетін талдаушылардың пайымдауынша, жыл соңына қарай өсуі де мүмкін.

Қытайдың өңдеу өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділік индексі шілдеде 49,2-ден 51,0-ге дейін қалпына келді. Бұл нарық үшін күтпеген жағдай болды. Өйткені талдаушылар консенсусы 49,0-ге дейін төмендейді деп болжаған еді. Оң өзгеріске қарамастан, жаңалықтар екіұшты қабылданды. Себебі талдаушылар Қытай экономикасының қалпына келуі туралы көбірек дәлел қажет деп санайды.

Жоғарыда аталған факторлар АҚШ долларына қатысты дамушы нарықтарда валюталардың әртүрлі динамикасын көрсетті және ол төмендегідей қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы 0,3%-ға (15295-тен 15242-ге дейін) нығайды. Оған әлсіреген рупийді ұстап, шетелдік капиталдың ағынын ынталандыру үшін бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымына қатысты Индонезия банкінің хабарландыруы түрткі болды;
  • үнді рупиясы 0,1%-ға (82,66-дан 82,72-ге дейін) әлсіреді. Оған бюджет тапшылығының артуына байланысты фискалдық саясаттың қатаңдауы түрткі болды;
  • түрік лирасы сауда балансының 12,2 млрд АҚШ доллары тапшылығы аясында
    0,7%-ға (26,54-тен 26,73-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі 0,7%-ға (95,42-ден 96,09-ға дейін) әлсіреді. Оған экспорттаушылардың валюталық кірісін міндетті сатуды 90%-ға дейін арттыру туралы шараны РФ ОБ басшысының мақұлдамауы себеп болды;
  • Оңтүстік Африка ранды 1,1%-ға (18,63-тен 18,84-ке дейін) әлсіреді. Елдегі өндірушілердің бағасы күткеннен төмен өскендіктен, бұл әлсіз экономикалық белсенділікті көрсетуі мүмкін;
  • Бразилия реалы 1,6%-ға (4,87-ден 4,95-ке дейін) әлсіреді. Үкіметтің акциялардан түсетін кіріске салық салу моделін өзгерту ниеті бар;
  • Мексика песосы 2%-ға (16,75-тен 17,09-ға дейін) әлсіреді. Оған валютаны қолдау бағдарламасын қысқарту туралы Мексика банкінің мәлімдемесі түрткі болды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға