«Экономикалық дамудың сын-қатерлері мен перспективалары» атты IV ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдау туралы
Ұлттық Банк «Экономикалық дамудың сын-қатерлері мен перспективалары» тақырыбында IV ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдауды ашық деп жариялайды. Конференция 2024 жылдың сәуір-мамыр айларында Алматы қаласында өтеді.
Конференцияда экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша Ұлттық Банк қызметкерлері, академиялық қоғамдастық пен зерттеу ұйымдары жүргізген зерттеу нәтижелері ұсынылады.
Жоғары оқу орындары (профессор-оқытушылық құрам, докторантура, магистратура студенттері) мен зерттеу ұйымдарының зерттеушілерін келесі тақырыптық бағыттар бойынша сессияларға қатысуға шақырамыз.
I. Макроэкономикалық саясат: экономикалық тұрақтылық негіздері:
- Орталық банк және коммуникация: оңтайлы айқындық пен ашықтық;
- Технологиялық трансформация дәуіріндегі экономикалық өсімнің драйверлері;
- Макроэкономикалық тұрақтылық пен тұрақты өсімнің негізі ретінде тиімді макроэкономикалық үйлестіру.
II. Қаржы нарығы – сапалы экономикалық өрлеуді қамтамасыз етудегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер:
- Экономикадағы өсімді инвестициямен қамтамасыз ететін қаржы нарығы;
- Қаржылық тұрақтылық: несие және жүйелік тәуекелдер;
- Қаржы секторының құрылымдық трансформациясы: қаржы платформалары және экожүйелер.
III. Цифрландыру және технологиялық трансформация жағдайындағы адами капитал мен еңбек нарығы:
- Технологиялық өзгерістер мен цифрлық экономика дәуіріндегі жұмыспен қамту;
- Инфляциялық процестер және еңбек нарығы: еңбек нарығындағы өзгерістердің баға динамикасына әсері.
IV. Орталық Азия кеңістігіндегі өңірлік даму:
- Қазақстанның экономикалық байланысы мен өңірлік ынтымақтастық перспективаларын кеңейту;
- Жаһандану жағдайында өңірлік даму факторы ретіндегі интегративті экономика.
Қызығушылық танытушылардан 2024 жылғы 1 наурызға дейін өз өтініміне (1-қосымшаға сәйкес) зерттеу жұмысын қоса отырып, «конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен conference@nationalbank.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Конференцияда баяндама жасауға таңдалған авторларға хабарлама жіберіледі.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz