1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк Қазақстанның фискалдық саясатының параметрлері туралы зерттеуді жариялады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның фискалдық саясатының параметрлері» тақырыбына зерттеу жұмысын жүргізді.

Бұл жұмыста фискалдық саясаттың сипатын бағалайтын халықаралық тәжірибе зерделенді. ҚҰБ талдаушылары халықаралық ұйымдар әзірлеген әдістемелер негізінде Қазақстандағы фискалдық позицияның индикаторларын есептеп шығарды.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, 2010-2022 жылдар аралығында Қазақстанның фискалдық саясаты негізінен циклдік сипатта болды. Мұндай түйін құрылымдық және мұнайдан тыс фискалдық баланс секілді баламалы фискалдық индикаторларға  сүйене отырып жасалды.

Қазақстандағы фискалдық саясаттың циклді сипатын еңсеру үшін заңнамалық деңгейде мұнайдан тыс немесе құрылымдық фискалдық балансты таргеттейтін контрциклді бюджеттік ережелерді бекіту ұсынылады.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/news/issledovaniya

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға