1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк жанар-жағармай материалдары бағасы көтерілуінің инфляцияға әсері туралы зерттеуді жариялады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасы көтерілуінің инфляцияға әсері: Қазақстанның тәжірибесі» тақырыбына зерттеу жұмысын жүргізді.

Бұл жұмыста ЖЖМ бағасының инфляцияға әсерін бағалаудың халықаралық тәжірибесі зерделеніп, отын бағасы көтерілуінің Қазақстандағы инфляцияға әсеріне талдау жасалды. Зерттеудің авторлары бірқатар эконометриялық модельді пайдаланды. Сонымен қатар отын бағасы ауытқуының тауарлардың жекелеген топтарына әсер етуіне бағалау жүргізілді.

Зерттеудің нәтижесі отын бағасының күтпеген өзгерісіне қатысты инфляцияның әсері пайдаланылатын модель түрін таңдамастан маңызды екенін көрсетті.  Бағалауға сәйкес 1%-дық күтпеген өзгеріс кезінде ЖЖМ бағасының инфляцияға ауысу әсері қолданылған әдіске қарай өзгеріп, 0,077 – 0,25 пайыздық тармақ аралығында болады.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/news/issledovaniya

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға