1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 1 -7 шілде аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 5 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы 1 шілдеден бастап 1,2%-ға (449,33 теңгеден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 443,84 теңгені құрады.

2023 жылғы  1 – 7 шілде аралығындағы кезеңде сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Мысалы, АҚШ Еңбек министрлігінің деректері бойынша ауылшаруашылықа жатпайтын сектордағы жұмыс орындарының саны маусымда 209 мыңға артты. Бұл экономистердің болжамынан төмен болып шықты. Маусым айында жұмыссыздық деңгейі 3,6%-ға дейін төмендеп, нарықтық күтуге сәйкес келді. Орташа сағаттық жалақы күткеннен асып түсіп, маусымда 0,4%-ға өсті. Еңбек нарығы бойынша аралас деректердің шығуы аясында талдаушылар ФРЖ-ның шілде айында мөлшерлемелерді арттыру траекториясын жалғастыратынын күтеді.

Жоғарыда аталған факторлар негізінен АҚШ долларына қатысты дамушы нарықтар валюталарының теріс динамикасына алып келді, ол төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ ФРЖ-ның мөлшерлемелерді көтеретінін күтудің артуы аясында 0,1%-ға (18,85-тен 18,87-ге дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы жаһандық тәуекел сентиментінің төмендеуі аясында 0,2%-ға (17,12-ден 17,15-ке дейін) әлсіреді;
  • Түрік лирасы 0,2%-ға (26,01-ден 26,07-ге дейін) әлсіреді. Маусымда тұтыну бағаларының жылдық инфляция деңгейі 38,2%-ға дейін төмендеді;
  • Индонезия рупиясы маусым айында халықаралық резервтердің 135,7 млрд АҚШ долларына дейін төмендеуі аясында 0,5%-ға (15066-дан 15143-ке дейін) әлсіреді;
  • Үнді рупиясы ФРЖ-ның ақша-кредит саясатын қатаңдауының ықтимал болуы аясында
    0,9%-ға (82,04-тен 82,74-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелердің өсетіні жөнінде қауіптену аясында 1,7%-ға (4,79-дан 4,87-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі сауда балансының ағымдағы сальдосының қысқаруы аясында 1,9%-ға (89,55-тен 91,25-ке дейін) әлсіреді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға