1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Инфляцияның мақсатын нақтылау туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі инфляцияның ортамерзімді мақсаты нақтыланғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты стратегиясына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Инфляция мақсатының форматы интервалдық мәннен – нүктелік (нақты) мәнге өзгерді. Бұған дейінгі аралық мәндер 2023-2024 жылдарға 4-5%, 2025 жылдан бастап 3-4% аралығында болған еді. Ортамерзімді перспективаға арналған инфляция бойынша нысаналы бағдар жылдық инфляцияны 5%-ға жуық көрсеткішінде ұстауға қолдау көрсетеді.

Мақсатты тұжырымдаудағы дәйектілік пен бірмәнділік инфляция мен күтулерді 5%-ға жақындатуға ықпал етеді.

Инфляцияның мақсатын нақтылау орындылығы халықаралық тәжірибемен және халықаралық сарапшыларды қоса алғанда, Ұлттық Банктің өзінің де, сыртқы сарапшылардың қатысуымен жүргізген зерттеулерімен де расталады.  

Инфляцияның жаңартылған мақсаты экономикалық шолудың арнайы шығарылымында жарияланған Қазақстандағы таргеттің оңтайлылығы жөніндегі зерттеулердің нәтижесі бойынша алынған диапазонға сәйкес келеді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

527.81 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға