1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Fitch Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанның егемен рейтингін растады

2023 жылғы 26 мамырда Fitch Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның егемен кредит рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «тұрақты».

Қуатты фискалдық позиция мен ауқымды сыртқы резервтер әдеттегідей кредиттік рейтингтің сақталуына бірден-бір фактор болып қалып отыр. Себебі, бұл факторлар сыртқы күйзелістерге орнықтылықты қамтамасыз етеді.

Агенттіктің пікірінше, кеңейтілген Теңіз кенішін іске қосу есебінен мұнай өндірісі көлемінің артуы Қазақстан экономикасының өсуіне қолдау көрсетеді. Fitch Ratings болжамына сәйкес, 2023 және 2024 жылдары ЖІӨ өсімі тиісінше 4,5% және 4,8% болады.

Fitch Ratings мемлекеттік шығыстардың өсуін және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттер деңгейін шектейтін жаңа бюджеттік ереженің енгізілуін оң бағалады. Сарапшылардың пікірінше, бұл контрциклдік фискалдық саясатты жүзеге асыруға оң ықпалын тигізеді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға