Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ макроэкономикалық ахуал мен капитал нарығына шолу туралы тоқсанаралық есепті жариялай бастайды

Қазақстан Ұлттық Банкі шетелдік инвесторлар үшін макроэкономикалық ахуал мен Қазақстанның капитал нарығына шолу туралы тоқсанаралық есепті жариялай бастайды.

Есеп бағалы қағаздардың халықаралық индекстеріне ену процесінде Қазақстанның позициясын нығайту және әлемнің қаржы нарықтарындағы теңгелік активтерді жаһандандыру шаралары аясында жарияланады.

Есептің негізгі мақсаты – Қазақстандағы макроэкономикалық ахуал мен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы соңғы үрдістер туралы шетелдік инвесторлардың мейілінше хабардар болуын қамтамасыз ету.

Есеп тоқсанаралық негізде жарияланып тұрады. 2023 жылдың І тоқсанына арналған алғашқы есеппен мына сілтемеге өтіп танысуға болады: https://nationalbank.kz/kz/news/Kazakhstan-macro-&-market-overview/rubrics/1996

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға