1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың сәуір айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

Сәуірде аздап баяулағанына қарамастан, іскерлік белсенділік оң аймақта қалып, 51,2% болды (наурызда – 51,6).

Көрсеткіштің динамикасына өндірістегі индекс өзгерісі әсер етті. Бұл секторда тауарлы-материалдық қорлардың көлемі азаюына байланысты индекс 49,6 (наурызда – 52,9) болып, теріс аймаққа өтті. Құрылыста да көрсеткіштің нашарлағаны байқалып, іскерлік белсенділік (наурыздағы 53,3-тен) 50,4-ке дейін  баяулады. Алайда, индекс өсу аймағында қалды. Қызмет көрсету секторында көрсеткіштің аздап жақсарғаны (наурыздағы 51,7-ден 52,0-ге дейін) байқалды. Тау-кен өнеркәсібінде көрсеткіш әлі де теріс аймақта болғанымен, (наурыздағы 48,6-дан) 49,8-ге дейін жақсара түсті. Ұзақ жеткізу мерзімі барлық сектор үшін іскерлік белсенділікті тежейтін фактор болып қалып отыр.

Қазіргі және болашақ бизнес жүргізу жағдайларының аздап төмендеуіне қарамастан, бизнес-ахуал индексі оң мәнге ие. Индекстің төмендеуі қызмет көрсетуден басқа барлық секторда байқалды.

Осылайша, қазіргі және болашақ бизнес-жағдайлардың орташа бағалауы болып табылатын бизнес-ахуал индексі 14,3-ті (2023 жылғы наурызда – 16,5) құрап, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti

Жоғарыға