1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 14 – 21 сәуір аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 21 сәуірде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,7%-ға (450,25 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 457,68 теңге деңгейінде қалыптасты.

2023 жылғы  14 – 21 сәуір аралығындағы кезеңде сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға орын алды. Атап айтқанда, Еуроаймақтағы инфляция 6,9%-ға дейін ж/ж бәсеңдеді, бұл – 2022 жылғы ақпаннан бергі ең төменгі қарқын. 2023 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ҚХР-дағы ЖІӨ талдаушылардың күткенінен асып түсіп, 4,5%-ға ж/ж ұлғайды. АҚШ-тағы іскерлік белсенділік көрсеткіші сәуірде 53,5 тармаққа дейін едәуір өсіп, инфляциялық қысымның қайта орын алатыны жөнінде қауіп туғызды.

Бұл факторлар көбінесе дамушы нарықтар валюталарының теріс динамикасына алып келді. Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Мексика песосы 0,2%-ға (18,02-ден 17,99-ға дейін) нығайды. Тәуекел сентиментінің нашарлауына қарамастан, Мексиканың ұлттық валютасының динамикасы тұрақты болып қалды. Ақпанда Мексикадағы бөлшек сауда 3,4%-ға дейін бәсеңдеді;
  • Ресей рублі салық кезеңі жақындаған уақытта экспорттаушылардың валюталық түсімді сатуды жандандыруы аясында 0,1%-ға (81,79-дан 81,7-ге дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекел дәрежесінің төмендеуі және ОАР ұлттық валютасының әлсірегені жөнінде Morgan Stanley болжамы аясында 0,1%-ға (18,09-дан 18,11-ге дейін) әлсіреді. Наурызда инфляция 7,1%-ға дейін ж/ж жеделдеді;
  • түрік лирасы президентті сайлау алдында шетел валютасына сұраныстың артуы аясында 0,2%-ға (19,36-дан 19,4-ке дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы теріс тәуекел сентиментінің басым болуы аясында 0,3%-ға (81,85-тен 82,1-ге дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы Орталық банктің негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз – 5,75% деңгейінде ұстау жөніндегі шешімі аясында 1,8%-ға (14 705-тен 14 976-ға дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жаһандық төмендеуі және Үкіметтің бюджеттік реформасына күмәндану аясында 2,9%-ға (4,91-ден 5,05-ке дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға