1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 10-17 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 17 наурызда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 3,3%-ға (445,98-ден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 460,79 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2023 жылғы наурыздың 10-ы мен 17-сі аралығында бірқатар маңызды оқиға болды. Әлемнің қаржы нарықтарында құбылмалылық күшейді. Жаһандық деңгейде банк саласындағы дағдарысқа байланысты туындаған қауіптен инвесторлардың тәуекелге деген қызығушылығы сөне бастады. Сонымен қатар, наурыздың 10-12 күндері АҚШ-тың технологиялық секторға қызмет көрсететін екі банкі – Silicon Valley Bank пен Signature Bank жабылатыны белгілі болды. Жергілікті дағдарыстың әсер ету тәуекелдері АҚШ-тың тағы бір ірі банкі First Republic Bank пен Швейцарияның Credit Suisse банкі акцияларының құнын төмендетті. АҚШ Федералды еңбек статистикасы бюросының деректері бойынша, ақпанда базалық тұтыну бағасының индексі (ТБИ) азық-түлік пен қуат көзін қоспағанда, 0,5%-ға (5,5% ж/ж) артып, бес айда ең жоғары көрсеткішке жетті. ЕОБ наурыздағы отырыстан кейін негізгі мөлшерлемені 50 базистік тармаққа (б.т.) көтерді.

Жоғарыда аталған факторлар дамушы нарықтарда валюталардың мейілінше теріс динамикасын көрсетті. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы[1] төмендегідей қалыптасты:

  • индонезия рупиясы 0,7%-ға (15450-ден 15345-ке дейін) нығайды. ОБ мөлшерлемені 5,75% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады;
  • түрік лирасы жаһандық белгісіздік аясында 0,2%-ға (18,97-ден 19,01-ге дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы жаһандық тәуекел дәрежесінің төмендеуі аясында 0,6%-ға (82,05-тен 82,55-ке дейін) әлсіреді;
  • оңтүстік Африка ранды шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 0,8%-ға (18,32-ден 18,47-ге дейін) әлсіреді;
  • ресей рублі энергия тасымалдаушыларға деген әлемдік бағаның төмендеуі аясында 1,3%-ға (76,1-ден 77,06-ға дейін) әлсіреді. РФ ОБ мөлшерлемені 7,5% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады;
  • бразилия реалы АҚШ-тағы банктердің түбегейлі өзгерістерінен кейін әлемдік нарықтағы құбылмалылық аясында 1,3%-ға (5,21-ден 5,28-ге дейін) әлсіреді;
  • мексика песосы жаһандық тәуекел сентиментінің төмендеуі және ЕОБ-ның мөлшерлемені көтеру туралы шешімі аясында 2,2%-ға (18,5-тен 18,91-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға