1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 13-20 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 20 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға (462,29 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 462,55 теңге деңгейінде қалыптасты.

2023 жылғы 13-20 қаңтар аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Инфляция туралы деректердің шығуы аясында АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің өсу қарқынының бәсеңдейтінін күту АҚШ долларының жаһандық индексіне теріс әсер етті. Алдыңғы отырыста 10 жылдық МБҚ кірістілігінің ауытқу диапазоны күтпеген жерден
+/-0,5%-ға дейін кеңейтілген соң инвесторлардың мемлекеттік облигациялардың кірістілік қисығын бақылау саясатының өзгеруі туралы күтуіне қарамастан Жапония банкі АКС-тың бұрынғы параметрлерін сақтап қалды. АҚШ-тағы өнеркәсіптік өндіріс желтоқсанда а/а 0,7%-ға, бөлшек сату а/а 1,1%-ға төмендеді, бұл экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуі мүмкін екенін көрсетеді. Аталған факторлар дамушы нарықтардағы валюталардың әртүрлі бағыттағы динамикасына алып келді.

Дамушы елдердегі АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы бейрезиденттердің Индонезия МБҚ нарығына оралуы аясында 0,5%-ға (15 149-дан 15 075-ке дейін) нығайды. Жаһандық қорлар Индонезияның
    соңғы МБҚ аукционында орналастыру көлемінің 47%-ын құрады, бұл олардың 2019 жылғы маусымнан бастап ең көп қатысқанын білдіреді;
  • үнді рупиясы бейрезиденттердің борыш нарығына келуі аясында 0,3%-ға (81,34-тен
    81,13-ке дейін) нығайды;
  • түрік лирасы Орталық банктің мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтау жөніндегі шешіміне қарамастан, 0,1%-ға (18,79-дан 18,77-ге дейін) нығайды. Орталық банк мөлшерлеме одан әрі төмендеуі мүмкін деген белгі берді;
  • Ресей рублі демалыс күндерінің алдында нарыққа қатысушылар позицияларының жабылуы аясында 0,1%-ға (68,79-дан 68,83-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ экономикасының перспективасына қатысты қауіптену аясында
    0,5%-ға (18,77-ден 18,87-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды желтоқсанда инфляцияның а/а 7,2%-ға дейін бәсеңдегені туралы деректер шыққаннан кейін Орталық банктің мөлшерлемені одан әрі арттыруын күтудің төмендеуі аясында 1,8%-ға (16,83-тен 17,13-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы теріс тәуекел сентименті және Президенттің Орталық банк тәуелсіздігінің маңыздылығын төмендету туралы түсініктемесі аясында 2,2%-ға (5,1-ден 5,21-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға