1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 17-24 маусым аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 24 маусымда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 5,4%-ға (446,87 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 470,90 теңге деңгейінде қалыптасты.

2022 жылдың 17-24 маусым аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ ФРЖ Төрағасы реттеуші рецессияның басталу мүмкіндігін жоққа шығармайды деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Сент-Луис ФРБ басшысы Дж. Буллард рецессияға қатысты қауіптің асыра айтылғанын айтады. АҚШ-тағы ұзақ мерзімді инфляциялық күтулер 3,3%-дан (14 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіштен) 3,1%-ға дейін төмендеді. Ресейден газды жеткізуге қатысты шиеленіс аясында Еуроаймақтағы экономикалық белсенділік көрсеткіші маусымда 51,9 тармаққа дейін (мамырдағы 54,8 тармақтан) төмендеді.

Бұл факторлар дамушы нарықтардағы валюталардың әртүрлі бағыттағы динамикасын қалыптастырды.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей болды:

  • Ресей рублі экспорттаушылардың салық төлемдері аясында 5,3%-ға (56,41-ден 53,4-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы негізгі мөлшерлеменің 7,75%-ға дейін (75 б.т.) артуы аясында 2,3%-ға
    (20,34-тен 19,87-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы реттеушінің корпоративтік қарыз алушылардың шетел валютасындағы позициясы белгілі бір деңгейден (активтерден немесе жылдық сату көлемінен 10%) асып кетсе, оларға лирамен кредит беруге тыйым салу жөніндегі шаралары аясында 2,3%-ға (17,33-тен 16,93-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды Eskom энергетикалық компаниясы қызметкерлерінің наразылықтары туралы хабарламаларға және электр энергиясын беруді мәжбүрлеп тоқтата тұруға қарамастан 1,4%-ға (16,02-ден 15,8-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы әлемдік рецессияға қатысты қауіптену аясында 0,2%-ға (14 825-тен 14 848-ге дейін) әлсіреді. Орталық банк басшысы реттеушінің іргелі инфляциялық қысымның болмауына байланысты мөлшерлемелерді арттыру қажеттілігін көрмейтінін мәлімдеді;
  • үнді рупиясы бейрезиденттердің кетуі және теріс тәуекел-сентименті аясында 0,3%-ға (78,08-ден 78,34-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы шикізат тауарлары бағасының төмендеуі және жаһандық рецессияға қатысты қауіптену аясында 1,7%-ға (5,15-тен 5,24-ке дейін) әлсіреді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға