1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың III тоқсанына арналған Ұлттық Банктің ноттарын шығару кестесі бойынша

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын жүзеге асыру аясында айналым мерзімі 28 және 91 күн болатын ноттар шығарады.

Бұрын жарияланған талапқа сәйкес, АКС іске асыру процесін жетілдіру, трансмиссиялық тетіктің тиімділігін арттыру және өтімділікті Қаржы министрлігінің борыштық құралдарына қайта бағыттауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк 91 күндік шығарылымды алып тастау және қысқа мерзімді өтімділікті реттеуге назар аудару туралы шешім қабылдады.  

Қабылданған шаралар нарыққа қатысушыларды өтімділік ағынын болжауды жақсартуға ынталандырады деп күтілуде. Ақша-кредит саясаты құралдарын жаңғырту жөніндегі одан әрі шешімдер ақша нарығындағы ахуалды ескере отырып және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес қабылданатын болады.

2022 жылдың III тоқсанына арналған ноттарды шығару кестесімен мына сілтемеде танысуға болады: https://nationalbank.kz/ru/auction/aukcion-nbk-po-razmeshcheniyu-kratkosrochnyh-not

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға