1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 10-17 маусым аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 17 маусымда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 2,5%-ға (435,76 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 446,87 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтарда валюталардың динамикасы көбіне теріс болды. Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды, оның ішінде жетекші орталық банктердің ақша-кредит саясатын күшейтуі – басты оқиға саналады. АҚШ ФРЖ рекордтық мәнге жеткен инфляцияны төмендету үшін сәрсенбі күні мөлшерлемені 75 б.т. арттырды, бұл 1994 жылдан бергі жоғарғы көрсеткіш еді. Ұлыбритания мен Швейцарияның орталық банктері мөлшерлемені 0,25%-ға және тиісінше (-) 0,25%-ға дейін арттырды, бұл ретте Швейцарияның Орталық банкі соңғы 15 жылда мөлшерлемені көтерген емес.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі сақталып отырған күшті сауда сальдосы аясында, сондай-ақ РФ президентінің ПХЭФ-2022-де сөз сөйлеуі қарсаңында 0,7%-ға (56,8-ден 56,41-ге дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы жаһандық тәуекел-сентименттің төмендеуі мен шетелдік капиталдың едәуір әкетілуі аясында 0,3%-ға (77,84-тен 78,08-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ инфляциясы жөнінде күткеннен де зор деректер мен АҚШ ФРЖ жүйелі әрекеттері аясында 1%-ға (15,86-дан 16,02-ге дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы инфляцияның рекордтық мәнге дейін қарқын алуы аясында 1,3%-ға (17,11-ден 17,33-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы жаһандық инвесторлардың тәуекелден кетуі аясында 1,9%-ға
    (14553-тен 14825-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы доллардың нығаюы және АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі аясында 1,9%-ға (19,96-дан 20,34-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы Орталық банктің мөлшерлемені 13,25%-ға дейін 50 б.т. арттыру туралы шешіміне қарамастан, АҚШ ФРЖ шешімі аясында 3,2%-ға (4,99-дан 5,15-ке дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға