1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк Нархоз университетімен арадағы бірлескен бағдарлама аясында 30 грант бөледі

MBA-дің «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел-менеджері», «Макроталдау мен болжау» және «Актуарий» бірлескен бағдарламалары аясында Ұлттық Банктің гранттары бойынша «Нархоз университеті» КеАҚ-та оқуға конкурстық өтінімдер 2022 жылғы 25 шілдеге дейін қабылданады.

Бағдарламаларда академиялық пәндер, оның ішінде қаржы, макроэкономика, эконометрика, математика, деректерді талдау қамтылады. Бұл бағдарламалардың мақсаты – Ұлттық Банкте, оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – ҚНРДА) жұмыс істеу үшін кәсіби кадрларды даярлау, Қазақстанның қаржы секторы мен мемлекеттік басқару секторы үшін мамандарды оқыту.

Дәрістің басталуы 2022 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. Оқу мерзімінің ұзақтығы – 2 жыл. Университетті бітіріп шыққан мамандарды Ұлттық Банкке, оның ұйымдарына және ҚНРДА-ға жұмысқа орналастыру көзделген.

Грантқа онлайн-өтінім, бағдарламалардың мазмұны, кандидаттарға қойылатын талаптар Нархоз университетінің сайтында көрсетілген: applied-finance.narxoz.kz.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz

Жоғарыға