1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының 2021 жылдағы төлем балансы туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылдың қорытындысы бойынша есептік төлем балансын қалыптастырды. Төлем балансындағы ағымдағы шоттың тапшылығы 5,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2020 жылы 6,6 млрд АҚШ долларына шыққан тапшылыққа қарағанда жақсарды.

Ағымдағы шот тапшылығының қысқаруы – тауарлар экспортының ұлғаюы есебінен сауда балансының оң сальдосының екі есе артуына байланысты болды.

2022 жылдың қаңтар айында жарияланған алдын ала деректермен салыстырғанда, 2021 жылға арналған төлем балансының ағымдағы шоты іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Тапшылықтың аздап ұлғаюына халықаралық сауда деректерінің түзетуіне және респонденттерден алынған есептерге байланысты болды.

Есепті кезеңде тауар экспорты 2020 жылмен салыстырғанда 27,5%-ға өсіп, 60,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өсім, негізінен, мұнай мен газ конденсаты экспортының өсуіне байланысты. Тауар импорты тұтыну мен аралық тауарлар импортының жоғарылауына байланысты 7,1%-ға өсіп, 39,7 млрд АҚШ долларына жетті. Нәтижесінде сауда балансының оң сальдосы екі есе өсіп, 20,7 млрд АҚШ долларына жетті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша, бастапқы табыс балансының тапшылығы 60,5%-ға өсіп, 24,2 млрд АҚШ долларына теңесті. Тапшылықтың артуы тікелей шетелдік инвесторлар кірісінің өсуіне байланысты болды.

Қаржылық шот бойынша таза түсім (резервтік активтерді есептемегенде) 2021 жылы 3,0 млрд АҚШ долларын құрады (2020 жылы – 14,8 млрд АҚШ доллары). Резидент активтерінің артуымен салыстырғанда, олардың міндеттемелерінің анағұрлым жоғары өсімі қаржылық операциялар бойынша капиталдың таза түсімді немесе «қалған елдерден таза қарыз алуды» қамтамасыз етті.  

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есепке алмағанда) 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 34,4 млрд АҚШ долларына бағаланды, бұл тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортын қаржыландыруда 8,7 айдағы қажеттілігін жабады.

Қосымша ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

567.16 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға