1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

S&P халықаралық агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады

2022 жылғы 4 наурыз күні S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжамы «тұрақты». Кредит рейтингіне орнықты фискалдық позиция, ауқымды сыртқы резервтер, мұнай нарығындағы жағымды жағдай сияқты факторлар қолдау көрсетті.

S&P пікірінше, геосаяси жағдай Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз саяси, қаржылық және экономикалық қарым-қатынастарға қарамастан мемлекеттің кредит рейтингіне ықпал еткен жоқ. Ресейге қатысты қабылданған экономикалық санкциялардың қосымша әсерлері реттеуге келеді және Қазақстан үшін ең маңызды экспорт нарықтарына қолжетімділігін шектемейді.

Кредит рейтингінің сақталуының шешуші факторы ретінде мемлекеттік борыш деңгейінің төмендігі мен айтарлықтай өтімді активтермен ерекшеленетін мемлекеттің  тұрақты фискалдық позициясын қарастыруға болады. S&P сарапшыларының пікірінше, Ұлттық қордан бюджетке аударылатын трансферттердің көлемін шектейтін бюджеттік ережені басшылыққа алу және мұнай өндірісінің көлемін арттыру Қазақстанға  тұрақты фискалдық позициясын сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы резервтерінің көлемі айтарлықтай деңгейде сақталған, ал сыртқы қаржыландыруға мұқтаждығы төмен.

2022 жылы ЖІӨ-нің өсімін S&P 3,6% деңгейін құрайды деп болжайды. Агенттік инфляция 2021 жылы Ұлттық Банк орнатқан 4-6% дәлізден жоғары орта есеппен алғанда 8% құрағанын және бұл жағдай іске асырылып отырған ынталандырушы фискалдық саясат пен импорттық тауарлардың бағасының өсуіне байланысты орын алғанын атап өтті. S&P болжамына сәйкес инфляция өсімі 2025 жылға қарай баяулап 5% құрайтын болады. Агенттік құбылмалық жағдайында Ұлттық Банк бағалар тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін жоғарылатқанын атап өтті.

Сарапшылар Ұлттық Банктің өз мандатын нығайту мен транспаренттігін күшейтуге бағытталған әрекетіне оң бағасын берді. S&P сарапшыларының пікірінше Ұлттық Банктің 2023 жылы экономиканы қолдау бағдарламаларынан шығу бойынша жоспарлары, Қаржы министрлігімен бірігіп ішкі қайталама нарықтағы өтімділікті арттыру мақсатында табыстылық қисығын құруға бағытталған жұмысы монетарлық саясаттың трансмиссиялық арнасын күшейтетін болады. Сонымен қатар, Ұлттық Банк құзыретінен қаржылық реттеу бойынша қызметінің шығарылуы макроэкономикалық тұрақтылыққа баса назар аударуға мүмкіндік берді.

S&P сарапшылары айырбастау бағамының еркін өзгермелілігі экономиканың сыртқы қысымға бейімделуіне көмектескенін атап өтті. S&P бағалауынша теңге бағамы 2022 жылдың екінші жартысында нығаятын болады.

Агенттік сарапшыларының пікірінше кредит рейтингінің динамикасы мемлекеттік басқару, мемлекеттік институттар саясатының одан әрі жетілдірілуі мен монетарлық саясат тиімділігі және банк секторының жағдайына тәуелді болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға