Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 29 ақпан күні сағат 20:00-ден 01 наурыз 2:00-ге дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 10-17 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 15 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы аптаның басынан бастап 0,3%-ға (434,4 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 435,54 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ ФРЖ сәрсенбіде 2022 жылы пайыздық мөлшерлемелердің күткеннен де тез қарқынмен артатыны туралы белгі бере отырып, активтерді сатып алу бағдарламасының жақын арада тоқтатылатыны туралы мәлімдеді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды Fitch Ratings ОАР-дың ұзақ мерзімді рейтингі бойынша болжамын «жағымсыздан» «тұрақтыға» қайта қарау аясында 0,6%-ға (15,98-ден 15,88-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы Мексика Орталық банкінің мөлшерлемені 5,5%-ға дейін (50 б.т.) арттыру туралы шешімі аясында 0,2%-ға (20,88-ден 20,83-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,1%-ға (14371-ден 14355-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы АҚШ ФРЖ-ның «қырағы» риторикасы және Omicron коронавирусының жаңа штамына қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты 0,4%-ға (75,78-ден 76,09-ға дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі жаһандық тәуекел-сентименттің нашарлауы мен геосаяси шиеленіс аясында РФ Орталық банкінің мөлшерлемені 100 б.т. көтеру туралы шешіміне қарамастан 0,9%-ға (73,43-тен 74,1-ге дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы АҚШ ФРЖ-ның облигацияларды сатып алу бағдарламасын неғұрлым жылдам тоқтату жөніндегі мәлімдемесі аясында 1,4%-ға (5,61-ден 5,69-ға дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Түркия Орталық банкінің есептік мөлшерлемені 14%-ға дейін (100 б.т.) төмендету туралы кезекті шешімі аясында 18,2%-ға (13,88-ден 16,41-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға