1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 26 қараша мен 3 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 3 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 1,2%-ға (431,07 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 436,29 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. Жаңа «омикрон» штамының айналасында өсіп келе жатқан алаңдаушылық аясында DXY АҚШ доллары индексінің төмендегені байқалды. Оның үстіне, АҚШ ФРЖ Төрағасы Д. Пауэлл бағаның өсуін күткеннен де тұрақты болғанын мойындап, таяу арада активтерді сатып алу бағдарламасын қысқарту мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Мексика песосы Америка валютасының төмендеуі аясында 3%-ға (21,92-ден 21,27-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі реттеушінің желтоқсандағы отырысында РФ Орталық банкінің негізгі мөлшерлемені одан әрі көтеретінін күту және мұнайдың қымбаттауы аясында 2,3%-ға (75,61-ден 73,88-ге дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды Covid-19-дың жаңа штамын жұқтырғандар санының артып келе жатқанына қарамастан, АҚШ долларының әлсіреуі аясында 1,3%-ға (16,29-дан 16,08-ге дейін)  нығайды;
  • үнді рупиясы коронавирустың жаңа штамы «омикронның» айналасында өсіп келе жатқан алаңдаушылық аясында 0,4%-ға (74,87-ден 75,17-ге дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы шетелдік капиталдың әкетілуі және Moody's Investors Service хабары аясында 0,4%-ға (14358-ден 14420-ға дейін) әлсіреді, мұнда жалғасып келе жатқан өсудің баяулауы Индонезия үшін рейтингтің төмендеуіне ықпал ететін негізгі фактор болып табылады, 2022 жылға арналған ІЖӨ болжамы 4,5%-дан 3,6%-ға дейін төмендеді;
  • Бразилия реалы жаһандық тәуекел-сентименттің төмендеуі және АҚШ ФРЖ Төрағасының активтерді сатып алуды жақын арада қысқарту туралы мәлімдемесі аясында 0,9%-ға (5,6-дан 5,65-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы ел президенті Ердоғанның пайыздық мөлшерлемелердің одан әрі төмендеуі инфляцияның төмендеуіне әкеледі деген кезекті мәлімдемесі аясында 11%-ға (12,34-тен 13,7-ге дейін) әлсіреді. Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Түркия эмитентінің шетел валютасындағы дефолтының рейтингін (ЭДР) «ВВ-» деңгейіне дейін нашарлатты.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға