1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

BUǴY коллекциялық монеталарының сатыла бастауы және Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-дүкенінің жұмысындағы кейбір өзгерістер туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2021 жылғы 22 қарашадан бастап «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» монеталар сериясынан BUǴY коллекциялық монеталарының сатыла бастайтыны туралы хабарлайды.

Номиналы 500, 200 және 100 теңгелік монеталар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылатын болады.

BUǴY коллекциялық монеталары туралы

Бұғы – көшпенділердің наным-сеніміндегі киелі жануарлардың бірі. Ежелгі түркілер бұл тотемді өзінің арғы тегі деп түсінген және олар үшін тегін жалғастыру символы болған.

Монеталардың толық сипаттамасын ҚҰБ сайтында «Басылымдар мен зерттеулер» - «Баспасөз релиздері» бөлімінде көруге болады.

Бұл ретте, ҚҰБ интернет-дүкенінің жұмысындағы кейбір өзгерістер туралы хабарлаймыз:

  • интернет-дүкен күн сайын жұмыс күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді;
  • монеталарды бір адамға сатып алуға шектеулердің қолданылу уақыты ұлғайтылды – әрбір жеке түрдегі/атаудағы монеталарды сатып алған кезде оларды қайта сатып алу күнтізбелік 3 күннен кейін қол жетімді болады;
  • Қазақстан Республикасы бойынша жеткізуге арналған жаңа, бірыңғай тариф: 1 кг дейінгі жіберілімдер – 1800 теңге;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның E-Pay жүйесінде тапсырысқа 20 минут ішінде ақы төленуі тиіс.

Монеталар туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

+7 (7172) 77-53-32

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:

+7 (7172) 77-52-10

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

Жоғарыға