1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 1-8 қазан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 8 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,3%-ға (425,94-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 424,81 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні негізінен АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің артуы аясында теріс болды, бұл өз кезегінде долларға қолдау көрсетті. Сонымен қатар, АҚШ ФРЖ-ның «күшейту» риторикасы және сенаттың 2022-нің соңына дейін мемлекеттік қарыз алу лимиттерін алып тастау туралы заң жобасын қарауы долларды өсірудің қозғаушы күші болды.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі жаһандық нарықтардағы тәуекелге жалпы сұраныс пен 2018 жылдан бері алғаш рет бағасы бір баррель үшін $83 долларға жеткен мұнайдың қымбаттауы аясында 1,3%-ға (72,67-ден 71,75-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы қосылған құн салығын, сондай-ақ шикізат тауарларына жоғары бағаларды арттыруға бағытталған салық реформасы туралы жаңа заң жобасын қабылдау аясында 0,6%-ға (14308-ден 14223-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды күшейген доллар және АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі аясында 0,3%-ға (14,88-ден 14,93-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ долларының нығаюына және АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің артуына байланысты 1,2%-ға (20,45-тен 20,7-ге дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы әлемдік мұнай бағасының күрт өзгеруі және АҚШ долларының жаһандық нығаюы аясында 1,2%-ға (74,13-тен 74,99-ға дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы ақша-кредит саясатына сенім бойынша алаңдаушылық, сондай-ақ Америка валютасының нығаюы аясында 1,2%-ға (8,86-дан 8,97-ге дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі және 2022 жылға арналған бюджетке қатысты айқындықтың болмауы аясында 2,8%-ға (5,36-дан 5,51-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға