1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстандықтар төлем карточкалары арқылы жасалған 10 операцияның 9-ын қолма-қол ақшасыз жүргізді

Қазақстандықтар 2021 жылдың 8 айында төлем карточкалары арқылы 56,3 трлн теңгеге 4 млрд операция жүргізді, бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 2,2-ге, яғни 2 есе көп.

Төлем карточкалары арқылы жасалған 10 операцияның 9-ы қолма-қол ақшасыз орындалды. 2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары арқылы 43,2 трлн теңгеге 3,8 млрд қолма-қол ақшасыз операция жүргізілді, бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден тиісінше 2,4, және 2,3 есе асады.

Қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің жалпы құрылымында онлайн-операциялардың үлесі өскені байқалады. Осы жылдың қаңтар-тамыз аралығында қолма-қол ақшасыз операциялардың 67%-ы интернет арқылы немесе мобильді қосымшалар арқылы жүргізілді (2,5 млрд операция). Халықтың қолма-қол ақшасыз операциялары көлемінде онлайн-операциялар үлесі 83%-ға дейін өсіп, 35,9 трлн теңге болды.   

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға