1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкі кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар бойынша қаржылық көрсеткіштерді жариялауды бастады

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар бойынша қаржы секторының көрсеткіштерін жариялауды бастағанын хабарлайды. Ақпарат ҚҰБ сайтында тоқсан сайын жарияланады.

Жаңа бөлім жиынтық бухгалтерлік баланс пен пайда мен зиян туралы жиынтық есеп, негізгі қаржы көрсеткіштері туралы мәліметтер (активтер, міндеттемелер, капитал) және берілген микрокредиттердің құрылымын қамтиды.

Бұл мәліметтер барлық микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар) жариялаған статистикасының толық қамтылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қаржылық көрсеткіштері туралы ақпарат ҚҰБ сайтындағы «Статистика» бөлімінің «Қаржы секторының көрсеткіштері / Микроқаржылық қызмет» топтамасында орналасқан.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға