1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 31 шілде – 7 тамыз аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 7 тамызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,04%-ға (418-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 418,17 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 31 шілде – 7 тамыз аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды.

Инвесторлардың жаһандық тәуекел дәрежесі АҚШ пен ҚХР арасындағы шиеленістің өсуі туралы хабарламалармен тежелуде: АҚШ Президенті қытайдың мобильдік қосымшаларына қарсы бағытталған жарлықтарға қол қойды, оған қоса, Президент Әкімшілігі қытай компанияларының АҚШ биржаларындағы делистинг талаптарын қатаңдатуды жоспарлап отыр.  АҚШ Еңбек министрлігі шілденің есебін жариялады, онда АҚШ-тағы жұмыс орындары санының (+1,763 млн адам) күткеннен де артық өскені және жұмыссыздықтың төмендегені (10,2%-ға) көрсетіледі. АҚШ заң шығарушылары  жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларға үстемеақы төлеу және жалақылардан салық төлеу бойынша демалыстарды ұзарту көзделетін экономиканы ынталандыру шараларының жаңа топтамасы жөнінде келіссөздерді жалғастыруда.

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі АҚШ-та ынталандыру және қорларды азайту топтамасы бойынша келісімге қол жеткізуге үміттенуден мұнай бағасының өсуі аясында 1%-ға (74,13-тен 73,4-ке дейін) нығайды. Қаржымині 7 тамыздан бастап шетел валютасын сату операцияларының көлемін шілдемен салыстырғанда екі есе азайтады (күніне 5,7 млрд рубльден 3,1 млрд рубльге дейін);
  • Индонезия рупиясы 2020 жылғы 2-тоқсанда елдің ІЖӨ-нің 5,32% ж/ж төмендегені туралы деректердің шығуы аясында 0,2%-ға (14 600-ден 14 625-ке дейін) әлсіреді (1999 ж. Азиядағы қаржы дағдарысы кезінен бері қатты құлдырау). Үкімет бюджетті қаржыландыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды Орталық Банкке алғашқы тікелей сатуды жүргізді ($5,6 млрд).   
  • үнді рупиясы 0,2%-ға (74,82-ден 74,94-ке дейін) әлсіреді. Үндістанның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз (4%) сақтап қалды, ары қарай төмендету туралы шешім қабылдау үшін реттеуші инфляцияның баяулағаны туралы белгілерді көруге тиіс;
  • Мексика песосы 0,4%-ға (22,28-ден 22,37-ге дейін) әлсіреді. ОБ Төрағасының орынбасары негізгі мөлшерлеменің жылдың соңына дейін бірнеше рет төмендеуі мүмкін екендігі туралы хабарлады. Ағымдағы мөлшерлеменің деңгейі 5%-ды (соңғы 12-айда -3 п.т.) құрайды;
  • Оңтүстік Африка ранды ОАР борыштық нарығынан капиталды әкетудің жалғасуы аясында 3,3%-ға (17,07-ден 17,64-ке дейін) әлсіреді, бейрезиденттердің үлесі 8 жылда ең төменгі көрсеткішке жетті;
  • Бразилия реалы мөлшерлеменің 2%-ға (-25 б.т.) дейін төмендеуі аясында 4,2%-ға (5,22-ден 5,44-ке дейін) әлсіреді. ОБ ары қарай төмендету үшін кеңістікті сақтап қалғаны туралы хабарлады.
  • түрік лирасы бюджет тапшылығы мен төлем балансының теріс сальдосы аясында тарихи минимумға дейін әлсіреп, 4,4%-ға (6,97-ден 7,28-ге дейін) әлсіреді. Оффшорлық нарықтардағы түрік лирасында қорландыру мөлшерлемесі ауқымды өктемдіктен кейін 1000%-ға дейін өсті, жұмада ОБ 7-күндік репо операциялары шеңберінде банктерді қорландыруды тоқтатты.

[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға