1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 5–12 наурыз аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 12 наурызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (419,66-дан) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 418,64 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 5–12 наурыз аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ Президенті 1,9 трлн. доллар мөлшерінде экономикаға көмек туралы заңға қол қойды. Ақпан айының қорытындысы бойынша АҚШ-тағы инфляция 1,7%-ға өсті, бұл талдаушылардың болжамдарынан төмен болды. Кезекті отырыста ЕОБ келесі айдан бастап активтерді сатып алу қарқынын арттыру жоспарлары туралы хабарлап, ақша-кредит саясатының параметрлерін өзгеріссіз сақтап қалды, бұл реттеушінің облигациялар кірістілігінің өсуімен байланысты проблеманы шешуге дайын екендігі туралы белгі берді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні1 төмендегідей қалыптасты:

  • Мексика песосы АҚШ МБҚ кірістілігінің және инфляция туралы деректер, сондай-ақ Мексикада баға өсуінің жеделдеуі туралы деректер (ақпанда +3,76% ж/ж) шыққаннан кейін АҚШ доллары бағамының тұрақтануы аясында 2,9%-ға (21,31-ден 20,69-ға дейін) нығайды, бұл елдегі мөлшерлемелерді одан әрі төмендетуге арналған кеңістікті төмендетеді;
  • Оңтүстік Африка ранды 2020 жылғы 4-тоқсанда ІЖӨ өсуі туралы деректердің шығуы аясында талдаушылардың болжамдарынан жоғары (+6,3%) 2,7%-ға (15,36-дан 14,95-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы ОБ валюталық интервенциялары аясында 2,1%-ға (5,68-ден 5,56-ға дейін) нығайды ($1 млрд  своп операциялары, $405 млн  спот операциялары);
  • Ресей рублі мұнай бағасының өсуі және ФҚО нарығындағы сұраныстың қалпына келуі аясында 1,4%-ға (74,34-тен 73,27-ге дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы мұнайға баға белгілеудің одан әрі өсуі аясында 0,3%-ға (73,03-тен 72,79-ға дейін) нығайды;
  • түрік лирасы Түркияның Әл-ауқат қорының басшысы отставкаға кеткеннен кейін елдің жетекші экономикалық институттарындағы өзгерістер аясында 0,4%-ға (7,53-тен 7,56-ға дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы Covid-19 жаңа жағдайлары санының өсуіне байланысты елдегі карантин шараларының кеңеюі аясында 0,6%-ға (14 300-ден 14 385-ке дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға