1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 5 – 12 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 12 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,4%-ға (420,49-дан) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 418,86 теңге деңгейінде  қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 5 – 12 ақпан аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні АҚШ-та ынталандыру топтамасын қабылдау және коронавирусқа қарсы вакцинацияны қамтуды кеңейту жөніндегі күтулердің нәтижесінде оң болды. Ұлыбритания Үкіметі елде Covid-19-ды жұқтырудың қысқарғанына сенімді екенін білдірді, 14 миллионнан астам адам алғашқы екпені алды. АҚШ-та шектеу шаралары жеңілдету жоспарланған мерзімнен бұрын енгізілуде. Федералдық резервтік жүйенің Төрағасы Джером Пауэлл қалпына келтіруді қолдау үшін жеңілдетілген ақша-кредит саясаты мен қосымша қаржылық ынталандырудың қажет екенін тағы да мәлімдеді.

Дамушы елдер валюталарының  АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жақсаруы, сондай-ақ ел Президенті жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы жариялаған жолдауы аясында 2%-ға (14,84-тен 14,55-ке дейін) нығайды
  • Ресей рублі мұнай бағасының өсуі аясында 1,4%-ға (74,65-тен 73,64-ке дейін) нығайды. РФ ОБ негізгі мөлшерлемені 4,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ ақша-кредит саясатын жеңілдету циклін аяқтағысы келетіні туралы мәлімдеді;
  • Мексика песосы АҚШ доллары бағамының жаһандық әлсіреуі аясында 0,7%-ға (20,09-дан 19,95-ке дейін) нығайды. Реттеуші экономиканы ынталандыру мақсатында тұрақты инфляцияға байланысты мөлшерлемені 4%-ға дейін төмендетті;
  • Түрік лирасы тәуекел-сентименттің жақсаруы аясында 0,4%-ға (7,06-дан 7,03-ке дейін) нығайды. Айырбас бағамының нығаю серпініне байланысты шетел валютасында қорландыру құны айтарлықтай төмендеді, кредиторлар қазаннан бастап шамамен $2 млрд тартты;
  • Үнді рупиясы 0,2%-ға (72,93-тен 72,76-ға дейін) нығайды. Үкімет айқындылықты арттыру мақсатында 2020 жылғы рекордтық 9,5% бюджет тапшылығы туралы және 2021 жылғы 6,8% болатыны туралы болжамын хабарлады. Бұрын квазимемлекеттік сектордан қарыз алу бойынша бюджеттің баланстан тыс баптарын енгізу есебінен көрсеткіштер төмен болды;
  • Бразилия реалы апта ішінде өзгерген жоқ, 5,38 деңгейінде қалды.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Дамушы елдер валюталарының серпіні (2021 жылғы 29 қаңтар =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға