1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 29 қаңтар – 5 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 5 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,9%-ға (424,22-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 420,49 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 29 қаңтар – 5 ақпан аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні оң болды. АҚШ Сенаты алдағы апталарда $1,9 трлн долларға ынталандыру топтамасының қабылдануын қамтамасыз ететін бюджеттік қарарды қолдады.

Деректерге сәйкес қаңтарда АҚШ-та еңбек нарығының қалпына келуі бәсеңдеді: жұмыссыздықтың 6,3%-ға дейін төмендегені байқалды (желтоқсанда 6,7%), ауылшаруашылыққа жатпайтын сектордағы жұмыс орындарының саны 49 мыңға артты. АҚШ президенті Трамп әкімшілігінің сыртқы саяси шешімдерін, оның ішінде Германиядағы әскер санын қысқарту және Сауд Арабиясы басқаратын Йемендегі операцияны қолдау туралы шешімдерінің күшін жоятыны туралы хабарлады.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • түрік лирасы ОБ басшысының ағымдағы жылы мөлшерлемені төмендету және капитал ағынының ұлғаюын күту туралы мәселені қараудың мүмкін еместігі туралы түсіндірмесі аясында 3,4%-ға (7,31-ден 7,06-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ доллары бағамының әлсіреуі аясында 2,3%-ға (20,57-ден 20,09-ға дейін) нығайды. ОБ басшысы реттеушінің мөлшерлемені сәуірде кезекті төмендету мәселесін қарастыруы мүмкін екендігі туралы хабарлады;
  • Оңтүстік Африка ранды қаңтарда өндірістік белсенділік индексінің елеулі өсімі туралы деректердің шығуы аясында (желтоқсанда 50,9-дан 50,3-ке дейін) 2,1%-ға (15,16-дан 14,84-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы Конгресстің екі палатасында да төраға ретінде Президент қолдайтын кандидаттарды сайлау туралы хабарламалар аясында 1,6%-ға (5,47-ден 5,38-ге дейін) нығайды, бұл саяси келіспеушілік тәуекелін төмендетеді;
  • Ресей рублі мұнай бағасының өсуі аясында (аптасына +6,2%) 1,6%-ға (75,88-ден 74,65-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы 72,95-тен 72,93-ке дейін біршама нығайды. Қаржы министрлігі экономиканы қалпына келтіру үшін шамамен жарты триллион АҚШ доллары сомасындағы шығыстар жоспары туралы жариялады;
  • Индонезия рупиясы апта ішінде өзгерген жоқ, 14 030 деңгейінде қалды. ІЖӨ 2020 жылғы 4-тоқсанда 2,19%- ға ж/ж төмендеді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға