1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 22–29 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 29 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 1,1%-ға (419,69-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 424,22 теңге деңгейінде  қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 22–29 қаңтар аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені 0–0,25% аралығында өзгеріссіз сақтап қалды, АҚШ экономикасының баяу қалпына келуін және ауқымды қолдау шараларынан бас тартуға дайын еместігін де атап өтті. АҚШ Конгресінің сенаторы наурыздың ортасына қарай жаңа ынталандыру топтамасының қабылдануын қамтамасыз етуге тырысатынын мәлімдеді. ДДҰ вирустың таралуын тоқтату үшін қажетті вакциналардың аз қамтылғаны туралы ескертті. ХВҚ әлемдік экономиканың өсу болжамын 5,5%-ға дейін арттырды (алдыңғы болжамда 5,2%). Қор индекстері жеке инвесторлардың әрекеттеріне және вакцинация болашағының белгісіздігіне байланысты қауіптену аясында төмендеді.

Дамушы елдер валюталарының  АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

түрік лирасы ОБ басшысының қатаң ақша-кредит саясатын ұстануға берген уәдесі аясында 1,5%-ға (7,42-ден 7,31-ге дейін) нығайды;

үнді рупиясы 72,98-ден 72,95-ке дейін біршама нығайды. Үндістан үкіметі фермерлердің наразылығына байланысты ел астанасы Нью-Делиде қауіпсіздік шараларын күшейтті;

Индонезия рупиясы айдың соңына қарай жаһандық инвесторлардың портфельдерін қайта теңгерімдеу аясында 14 035-тен 14 030-ға дейін нығайды;

Бразилия реалы апта ішінде өзгерген жоқ, 5,47 деңгейінде қалды;

Оңтүстік Африка ранды елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай мен вакциналарды  жеткізуге байланысты проблемалар аясында 0,1%-ға (15,15-тен 15,16-ға дейін) әлсіреді;

Ресей рублі санкциялық тәуекелдер аясында 0,8%-ға (75,29-дан 75,88-ге дейін) әлсіреді;

Мексика песосы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында 3%-ға (19,97-ден 20,57-ге дейін) әлсіреді. Мексика ІЖӨ-сі 2020 жылдың 4-тоқсанында 3,1%-ға тоқ/тоқ өсті (3-тоқсандағы 12,1%-дан төмендеді).

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

 

Жоғарыға