1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 15 – 22 қаңтар аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 22 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,04%-ға (419,54-тен) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 419,69 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 15 – 22 қаңтар аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының динамикасы әртүрлі бағытта болды. АҚШ Қаржы министрінің лауазымына әлеуетті үміткер Дж. Йеллен бюджет тапшылығына және мемлекеттік борыштың өсуіне қарамастан, кең көлемде енгізуді жалғастыруға шақырды, сонымен қатар бәсекелестіктің басым болуы үшін доллар бағамын әлсіретуге әрекеттенбейтіні туралы белгі берді. АҚШ-та сайланған АҚШ президенті Д.Байденді ұлықтау рәсімі өтті, ол өз сөзінде ұлт бірлігіне шақырды. ҚХР-да ауруды жұқтыру жағдайының артқаны байқалады, үкімет ақпандағы  шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеу кезінде сапарларға шықпауға шақырды. ЕОБ ақша-кредит саясатының өлшемдерін өзгеріссіз сақтап қалды.

Дамушы елдер валюталарының  АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Түрік лирасы  негізгі мөлшерлеменің бірқатар өсуден кейін 17% деңгейінде сақталуы аясында 0,7%-ға (7,47-ден 7,42-ге дейін) нығайды.
  • Оңтүстік Африка ранды ОБ мөлшерлемесінің қатарынан үшінші рет 3,5% деңгейінде сақталуы аясында 0,5%-ға (15,23-тен 15,15-ке дейін) нығайды. ОБ 2021 жылы инфляция бойынша болжамды 4%-ға дейін көтерді.
  • Үнді рупиясы қор нарығына шетелдік капиталды әкелудің жалғасуы аясында 0,1%-ға (73,07-ден 72,98-ге дейін) нығайды, бірақ Үндістан РБ басшысы дамушы елдер сыртқы күтпеген өзгерістерге қарсы резервтер құруы тиіс деп мәлімдеді, осылайша РБ валюталық интервенциялары (валютаны сатып алу) 2021 жылы жалғасуы мүмкін;
  • Индонезия рупиясы реттеушінің базалық мөлшерлеме деңгейін (3,75%) сақтап қалу туралы шешіміне қарамастан 0,1%-ға (14 020-дан 14 035-ке дейін) әлсіреді, бұл ретте ОБ басшысы ары қарай төмендеу аясын көріп отыр.
  • Мексика песосы вакцинация қарқыны мен Covid-19-бен аурудың рекордтық жағдайларына байланысты қауіптену аясында 0,9%-ға (19,8-ден 19,97-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі мұнай бағасының төмендеуі және А. Навальныйдың ұсталуына байланысты геосаяси тәуекелдердің өсуі аясында 2,4%-ға (73,55-тен 75,29-ға дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы ОБ-ның негізгі мөлшерлемені рекордтық төмен деңгейде ұстап тұру саясатының ықтимал өзгеруі туралы белгісіне қарамастан, фискалдық реформалар қарқынының бәсеңдеуі аясында 3,2%-ға (5,3-тен 5,47-ге дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Дамушы елдер валюталарының серпіні (2021 жылғы 8 қаңтар =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz    

Жоғарыға