1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2021-2022 жылдарға арналған зерттеу Бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2021-2022 жылдарға арналған зерттеу Бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама Ұлттық Банктің стратегиялық және ортамерзімді зерттеу міндеттерін анықтап, сол міндет аясында баға мен қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Ұлттық Банктің мандатын айқындайды.

Осы мақсаттарға тұрақты қол жеткізу үшін экономикалық ортаны қалыптастыратын көптеген факторларды, өзара әсер ету арналарын және Қазақстан экономикасы алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінуді талап етеді.

Құжатта бес негізгі бөлім бар, атап айтсақ, «Ақша-кредит саясатының жолдары мен макроэкономикалық үйлестіру», «Макроэкономикалық саясаттық сараптама жүргізу тәсілдері», «Қаржы және сабақтас нарықтардың өтімдігі мен баға қалыптастыру», «Қаржы қатынастарын реттеу мен дамыту», «Төлем жүйесінің болашағы» деген бөлімдер бар. Әрбір бөлім бойынша жан-жақты зерттеуді қажет ететін стратегиялық бағыттар қалыптасып, Ұлттық Банктің қызметі үшін 2021 жылға арналған зерттеудің ең басым бағыттары анықталды.

Осы құжатты әзірлеп, жарыққа шығару озық орталық банктердің ең жақсы тәжірибесінде кездесетін құбылыс және Ұлттық Банктің алдында тұрған қауіп-қатерлер туралы қоғамға ақпарат беру деңгейін жақсартып, қоғамдық дискурс деңгейін күшейтуге, конструктивті ақпараттық-сараптамалық орта қалыптастырып, экономикалық саясаттың ең өзекті мәселелеріне жауап іздеу үшін академиялық қауымдастықтың ғылыми әлеуетін бағыттауға мүмкіндік береді.

Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтемеге өтіп таныса аласыздар.

БАҚ өкілдері толық ақпаратты мына телефондар арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 205 
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға