1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 5–8 қаңтар аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 8 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы кезең ішінде 0,5%-ға (420,91-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 418,96 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 5 – 8 қаңтар аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. Джорджия штатындағы сайлау нәтижелері бойынша демократтар АҚШ Сенатында көпшілік дауысқа ие болды. АҚШ президенті Д. Трамп елде Қытайдың 8 қосымшасын қолдану арқылы транзакциялар жүргізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды. АҚШ-тың қазіргі президентін жақтаушылар АҚШ Конгресінің ғимаратында тәртіпсіздіктер жасады.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • түрік лирасы Орталық Банктің пайыздық мөлшерлемелерін арттыру сериясынан кейін бейрезиденттердің жергілікті нарық акциялары мен облигацияларына салымдарының ұлғаюы аясында 0,5%-ға (7,39-дан 7,35-ке дейін) нығайды;
  • Ресей рублі мұнай бағасының өсуі аясында 0,2% ға (74,21-ден 74,06-ға дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы мұнай бағасының өсуі аясында 0,1%-ға (73,18-ден 73,25-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы тәуекел-сентименттің нашарлауы және АҚШ доллары бағамының нығаюы Азия өңіріндегі өндірістік белсенділіктің қалпына келу белгілеріне қарамастан (PMI желтоқсанда Жапонияда, Тайваньда және Оңтүстік Кореяда жақсарғаны байқалады) 0,8%-ға (13 915-тен 14 020-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ-тағы тәртіпсіздіктер аясында 0,6%-ға (19,9-дан 20,02-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында 2,0%-ға (15,0-тен 15,3-ке дейін) әлсіреді. Ауырғандар саны 1,15 млн адамға жетті, бұл – бүкіл өңірдегі ең жоғарғы көрсеткіш;
  • Бразилия реалы Covid-19 жағдайларының ұлғаюына байланысты қосымша шектеу шараларына қатысты қауіптенуден сентименттің нашарлауы аясында 2,7%-ға (5,28-ден 5,42-ге дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға