1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 11–20 желтоқсан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 20 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,4%-ға (419,09-дан) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 417,42 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 11–20 желтоқсан аралығындағы кезеңде АҚШ экономикасын ынталандыру туралы заң жобасы бойынша ілгерілеу және ФРЖ басшысының ұзақ уақыт бойы жеңіл саясатты сақтау жоспарлары туралы түсініктемелері аясында дамушы елдер валюталарының көпшілігінен оң серпін байқалды. АҚШ реттеушісі мәлімдемелерде анағұрлым оптимистік көзқарасты таңдай отырып, ақша-кредит саясатының өлшемдерін өзгертпеді. Ұлыбритания Премьер-Министрінің айтуынша Брекзит жөніндегі келіссөздер «күрделі жағдайда» тұр, тараптар арасында, әсіресе балық аулауға қатысты келіспеушіліктер сақталып отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай компанияларының акцияларын АҚШ биржаларына орналастыруды шектейтін заңға қол қойды. Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі табылды және аурудың тез таралуын байланыстырды.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

Оңтүстік Африка ранды АҚШ-та жаңа ынталандыру шараларын жылдам қабылдау бойынша күтулерге байланысты инвесторлардың тәуекел-сентиментінің жақсаруы аясында 4%-ға (15,14-тен 14,54-ке дейін) нығайды;

  • түрік лирасы реттеушінің қажет болған жағдайда ақша-кредит саясатын қатаңдату, сондай-ақ инфляцияны төмендету және резервтерді жинақтау үшін шаралар қабылдау туралы уәделері аясында 2,9%-ға (7,85-тен 7,62-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы инвесторлардың тәуекел дәрежесінің ұлғаюынан АҚШ доллары бағамының әлсіреуі, сондай-ақ инфляцияның бәсеңдеуіне қарамастан, негізгі мөлшерлеменің қатарынан екінші рет 4,25% деңгейінде сақталуы аясында 0,9%-ға (20,13-тен 19,95-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы АҚШ-тың Үндістанды айырбас бағамына қатысты күрделі іс-әрекеттер жасай алатын бақылаудағы елдердің тізіміне қосу туралы шешімінен кейін ОБ-ның валюта сатып алуды қысқарту мүмкіндігіне қатысты 0,1%-ға (73,65-тен 73,57-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы ОБ басшысының рупияның 10%-ға бағаланбағандығы туралы мәлімдемесіне қарамастан, 0,2%-ға (14 080-нен 14 110-ға дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы коронавируспен ауру санының артуы, сондай-ақ қазанда экономикалық белсенділіктің талдаушылардың күткенінен де төмен 0,86%-ға өсуі туралы деректердің шығуы аясында 0,4%-ға (5,06-дан 5,08-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі өткен аптада айтарлықтай өскеннен кейін пайданы белгілеу шеңберінде 0,6%-ға (73,02-ден 73,44-ке дейін) әлсіреді. РФ ОБ негізгі мөлшерлеме деңгейін өзгеріссіз сақтап қалды (4,25%), бұл ретте реттеуші басшысы ақша-кредит саясаты бағытының 2021 жыл бойы жеңіл болып қалатыны туралы хабарлады.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға