1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹2 01/07/2003

Төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін Ұлттық Банктің лицензиясы 19 екінші деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 14 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Алтын кард – ОАО «Қазақстанның Халықтық Банкі», SmartAlemCard – ОАО «ТуранАлем банкі»,  ОАО «Каспийский банкі» и ОАО «Сити банкі» карточкалары, сондай-ақ халықаралық жүйе карточкаларын - Europay International, VISA International, American Express, Diners Club International шығаруда.

2003 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 1,8 млн. данадан асып, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны 1,7 млн адам болған. Бұл жағдай, салыстырмалы көрсеткіштерде, Қазақстанның әрбір мың адамына 117,6 карточкалар келетіндігін көрсетеді. Олардың ішінде, халықаралық және жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлестері, сәйкесінше, 81% және 19% болып келеді. 2002 жылдың 1-ші шілдесінде бұл арақатынас 83% және 17% құраған болатын.

2003 жылдың 1-ші жартыжылдығында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған трансакцияларының саны 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 34,9%-ке өсіп, ал трансакциялар сомасы сәйкесінше 57,3%-ке артқан. Бұл ретте, қолма-қол ақшасыз төлемдер трансакциялар саны бойынша 55,2%-ке артса, сомасы бойынша 48,4%-ке артқан. Ал қолма-қол ақша алуға байланысты трансакциялар саны бойынша 34,3%-ке артып, ал сомасы бойынша 57,7%-ке артқан.

2002 жылдың 1-ші жартыжылдығы мен 2003 жылдың 1-ші жартыжылдығында төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған трансакциялардың саны мен көлемі

Трансакциялар түрі

2002 жылдың 1-ші жартыжылдығы

2003 жылдың 1-ші жартыжылдығы

Саны (мың дана)

Сомасы(млн. теңге)

Саны (мың дана)

Сомасы(млн. теңге)

Тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу

252,7

4111,4

392,2

6099,8

Қолма-қол ақша беруге бойынша

9303,5

102273,7

12498,4

161271,0

2003 жылдың 1-ші шілдесіндегі жағдай бойынша төлем карточкаларының қызмет көрсету инфрақұрылымы келесідей құрамда көрсетілген: 1931 сауда және қызмет көрсету сферасы кәсіпкерлері, 3698 сауда терминалдары (олардың ішінде: кәсіпкерлерде 2243 дана, банктерде 1455 дана орнатылған), 2041 импринтерлер және 758 банкоматтар.

 

 

Жоғарыға