1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹3 01/10/2003

Төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін Ұлттық Банктің лицензиясы 20 екінші деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 15 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Алтын кард – ОАО «Қазақстанның Халықтық Банкі», SmartAlemCard – ОАО «ТуранАлем банкі»,  ОАО «Каспийский банкі» и ОАО «Сити банкі» карточкалары, сондай-ақ халықаралық жүйе карточкаларын - Europay International, VISA International, American Express, Diners Club International шығаруда.

2003 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы аумағында қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 1,84 млн. данадан асып, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 1,81 млн адам болған. Бұл жағдай, салыстырмалы көрсеткіштерде, Қазақстанның әрбір мың адамына 124,2 карточкалар келетіндігін көрсетеді. Олардың ішінде, халықаралық және жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлестері, сәйкесінше, 81% және 19% болып келеді. 2002 жылдың 1-ші қазанында бұл арақатынас 84% және 16% құраған болатын.

2003 жылдың 3-ші тоқсанында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған трансакцияларының саны 2002 жылдың 3-ші тоқсанымен салыстырғанда 40,0%-ке өсіп, ал трансакциялар сомасы сәйкесінше 60,4%-ке артқан. Бұл ретте, қолма-қол ақшасыз төлемдер трансакциялар саны бойынша 50,0%-ке артса, сомасы бойынша 51,4%-ке артқан. Ал қолма-қол ақша алуға байланысты трансакциялар саны бойынша 39,7%-ке артып, ал сомасы бойынша 60,8%-ке артқан.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған трансакциялардың саны мен көлемі

Трансакциялар түрі

2002 жылдың 3-ші тоқсаны

2003 жылдың 3-ші тоқсаны

Саны (мың дана)

Сомасы(млн. теңге)

Саны (мың дана)

Сомасы(млн. теңге)

Тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу

156,2

2 611,6

234,2

3 954,2

Қолма-қол ақша беруге бойынша

5 117,2

62 823,9

7 149,3

101 024,5

2003 жылдың 1-ші қазанындағы жағдай бойынша төлем карточкаларының қызмет көрсету инфрақұрылымы келесідей құрамда көрсетілген: сауда терминалдарының саны – 3873 дана, импринтерлер саны – 1975 дана, төлем карточкаларын қабылдайтын сауда және қызмет көрсету сферасы кәсіпкерлерінің саны – 2031, банкоматтар саны – 809 дана.

 

Жоғарыға