1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹4 01/02/2004

Төлем карточкалары

2004 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін Ұлттық Банктің лицензиясы 20 екінші деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 17 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Алтын кард – АҚ «Қазақстанның Халықтық Банкі» және АҚ «Алматы сауда қаржы банкі», SmartAlemCard – АҚ «ТуранАлем банкі»,  АҚ «Каспийский банкі», ЖАҚ «Сити банкі» карточкалары, Иртыш Card– АҚ «Қазақстанның Халықтық Банкі» және Дуэт - ОАО «Валют-Транзит Банк», сондай-ақ халықаралық жүйе карточкаларын - Europay International, VISA International шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығаруда: American Express - АҚ «Казкоммерцбанк», АҚ «Алматы сауда қаржы Банкі», АҚ «ТуранАлем банкі», АҚ «Қазақстанның Халықтық Банкі», АҚ «ЦентрКредит банкі»,  АҚ «Нұрбанк», АҚ «ТEXAKABANK», Diners Club International - АҚ «Казкоммерцбанк».

Казіргі уақытта қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 1,97 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 1,93 млн адам болған (2003 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 21,2% және 22,2% артқан[1]). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді.Олардың өзіндік үлесі 82,2%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі- 17,8%. 2003 жылдың 1-ші ақпанында бұл арақатынас 79,2% және 20,8% құраған болатын.

2004 жылдың қаңтарында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған трансакцияларының саны 2003 жылдың қаңтарымен  салыстырғанда 25,2%-ке өсіп, ал трансакциялар сомасы сәйкесінше 50,5%-ке артқан. Бұл ретте, қолма-қол ақшасыз төлемдер трансакциялар саны бойынша 59,1%-ке артса, сомасы бойынша 43,8%-ке артқан. Ал қолма-қол ақша алуға байланысты трансакциялар саны бойынша 23,9%-ке артып, ал сомасы бойынша 50,8%-ке артқан.

Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының дамуы жайындағы толығырақ мәліметтер 1 және 2 Кестелерде келтірілген. 

Кесте 1

Көрсеткіштер

Қаңтар

01.02.03

01.02.04

Айналымдағы карточкалар саны (мың бірлік), оның ішінде:

1 625.4

1 970.7

         - жергілікті жүйе карточкалары

338.6

350.5

         - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

1 286.9

1 620.2

                Visa International

1 101.3

1 322.3

                Europay International

185.2

297.5

Карточка ұстаушыларының саны (мың адам), оның ішінде

1 583.5

1 935.0

         - жергілікті жүйе карточкалары

325.4

342.8

         - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

1 258.1

1 592.1

                Visa International

1 075.2

1 299.7

                Europay International

182.6

292.1

Қолданылған карточкалардың саны (мың бірлік), оның ішінде:

894.1

1 304.3

         - жергілікті жүйе карточкалары

103.5

192.9

         - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

790.7

1 111.4

                Visa International

683.6

923.3

                Europay International

106.9

187.9

POS – терминалдар саны (дана), оның ішінде:

3 477

4 474

         сауда кәсіпорындарында

2 034

2 790

         банктерде

1 443

1 684

Импринтерлер саны (дана), оның ішінде:

2 049

2 051

        сауда кәсіпорындарында

м/ж

1 144

        банктерде

м/ж

907

Банкоматтар саны (дана)

718

877

Сауда кәсіпорындарының саны (бірлік)

1 784

2 151

            Қазақстандық эмитенттердің шығарған төлем карточкаларының Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде қолданылуы (қазақстандық банктер тарататын American Express International және Diners Club International карточкалары бойынша айналымдар есепке алынбады)

 Кесте 2

Көрсеткіштер

Қаңтар

Қолма-қол ақшасыз төлемдер

Қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар

2003 жыл

Саны (мың транс.), оның ішінде:

60.5

1 524.5

      - жергілікті жүйе

5.0

146.3

      - халықаралық жүйе, оның ішінде:

55.6

1 378.2

            Visa International

47.2

1 137.8

            Europay International

8.4

240.3

Көлемі (млн. теңге), оның ішінде:

1 033.8

20 121.1

      - жергілікті жүйе

4.2

1 666.5

      - халықаралық жүйе, оның ішінде:

1 029.6

18 454.6

            Visa International

884.1

15 241.7

            Europay International

145.5

3 212.9

2004 жыл

Саны (мың транс.), оның ішінде:

96.3

1888.9

      - жергілікті жүйе

10.3

205.1

      - халықаралық жүйе, оның ішінде:

86.0

1683.8

            Visa International

69.1

1391.9

            Europay International

16.8

291.9

Көлемі (млн. теңге), оның ішінде:

1 486.5

30351.9

      - жергілікті жүйе

9.6

3046.3

      - халықаралық жүйе, оның ішінде:

1 476.8

27305.6

            Visa International

1 223.5

22883.5

            Europay International

253.3

4422.1

Өзгерісі (%)

Саны

59.1%

23.9%

      - жергілікті жүйе

2,1 есе

40.2%

      - халықаралық жүйе, оның ішінде

54.7%

22.2%

           Visa International

46.6%

22.3%

           Europay International

 2 есе

21.4%

Көлемі

43.8%

50.8%

       - жергілікті жүйе

2,3 есе

82,8%

       - халықаралық жүйе, оның ішінде

43.4%

48.0%

           Visa International

38.4%

50.1%

           Europay International

74.0%

37.6%

 

 

Жоғарыға