20 000 теңге
2022 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 20 000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ
Айналысқа енгізілген күні: 01.10.2022
Өлшемі: 155х79 мм
Бет жағы: басым түсі – сұр. Негізгі бейнелері – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде «Қазақ Елі» монументі, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі – «Киіз Үй» безендіру желісімен «Басқұр» таспасының қазақ ұлттық ою-өрнегінің фрагменті.
Сырт жағы: басым түсі – сұр. Негізгі бейнелері – Астана қаласының және «Ақорда» Президент резиденциясының панорамалық көрінісі, айшықты қалықтаған бүркіт.
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА — ТЕҢГЕНІҢ ЕНГІЗІЛУІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 20 000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ
Айналысқа енгізілген күні: 01.12.2015
Өлшемі: 155х79 мм
Таралымы: 50 000 000
Бет жағы: басым түстері – сұр және көк. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі, тұлпар және «Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасы (Астана қ.), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түстері – сұр және көк. Негізгі бейнелері –және Ақорданың, Парламенттің және Үкіметтің ғимараттары бар Астананың көрінісі, «ТЕҢГЕГЕ 20 ЖЫЛ» деген жазба, Қазақстан картасының сұлбасы.