1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2024

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілерді конкурстық іріктеу туралы хабарлайды.

Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілген Гранттар беру қағидаларында белгіленген.

Конкурстық іріктеуге қатысуға:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу жөніндегі қызметке байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

2) таратылу немесе банкроттық процесінде емес заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) жіберіледі.

Ізденушілерді конкурстық іріктеу мынадай зерттеу тақырыптарында өтеді:

  1. Төлемдер мен аударымдардың құнын талдау (қолма-қол ақшасыз құралдар және қолма-қол ақша айналымы), оның оңтайландыру шаралары
  2. Қазақстанның орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу үшін инвестициялардың оңтайлы деңгейі

 

Ұлттық Банк өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша зерттеудің бір тақырыбы бойынша біреуден артық грант беру не зерттеулердің кейбір тақырыптарын грантсыз қалдыруға құқылы.

Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыптарының тізімі, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеуді жүргізу талаптары, Ұлттық Банк бөлімшелерінің жауапты адамдарының байланыс деректері берілген.

Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған ізденушілердің өтінімдері Ұлттық Банкке электрондық түрде Қазақстан Ұлттық Банкінің Порталы арқылы беріледі.

Өтінім қабылдана бастайтын күн – 2024 жылғы 9 қаңтар.

Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 22 ақпан.

Байқауға қатысты сұрақ туындаған жағдайда мына электрондық мекенжайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz.

13.66 Кб
Жарияланған күні:
28.21 Кб
Жарияланған күні:
20.3 Кб
Жарияланған күні:
21.89 Кб
Жарияланған күні:
13.52 Кб
Жарияланған күні:
41.7 Кб
Жарияланған күні:
17.43 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға