1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін гранттар беруге ізденушілерді конкурстық іріктеу нәтижесі туралы хабарлайды.

Ұлттық Банк 2023 жылғы мамырда жарияланған зерттеу гранттарын беруге ізденушілерді алғашқы конкурстық іріктеу қорытындысын ұсынып отыр. Ұлттық Банктің гранттары экономикалық зерттеулерді дамыту, академиялық қоғамдастықтың ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық және Ұлттық Банк қызметінің басқа да бағыттары саласындағы ғылыми әлеуетін жұмылдыру мақсатында беріледі.

Конкурстық іріктеуді өткізу барысында 2023 жылғы 11 мамыр – 24 маусым аралығында барлығы 17 өтінім келіп түсті, оның ішінде 12 өтінім формальды талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін сараптамалық бағалауға жіберілді. Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент және зерттеудің тиісті тақырыбына бастамашы болған Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады.

Гранттар беру жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттердің және Ұлттық Банк бөлімшелерінің қорытындыларын ескере отырып, өтінімдерді жан-жақты қарау нәтижесі бойынша мынадай грант алуға арналған өтінімдерді мақұлдау туралы шешім қабылдады:  

665-өтінім Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұтынушылық сұраныс (халықаралық және Қазақстан тәжірибесі) Қазақстан-Британ техникалық университеті
696-өтінім Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұтынушылық сұраныс (халықаралық және Қазақстан тәжірибесі) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
688-өтінім Қаржылық алаяқтыққа, атап айтқанда пирамидаларға, интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы тұру Сүлеймен Демирел атындағы университет
702-өтінім

Жұмыспен қамту көрсеткіштері: жұмыссыздықты бағалаудың балама әдістері

«Центр исследований прикладной экономики (Applied Economics Research Centre)» ЖШС
Өтінім № Зерттеу тақырыбы Ізденуші
1 2

3

Грант алушыларға грант беру туралы хабарлама және қол қою үшін грант беру туралы шарт жіберіледі.

27.83 Кб
Жарияланған күні:
22.2 Кб
Жарияланған күні:
21.89 Кб
Жарияланған күні:
13.52 Кб
Жарияланған күні:
41.7 Кб
Жарияланған күні:
17.43 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға