1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюта нарығы бойынша ақпараттық хабарлама

Мамырдың қорытындысы бойынша салық төлемдерінің кезеңі аясында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 1,2%-ға, яғни, 447,71 теңгеге дейін нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 152 млн АҚШ долларынан 144 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен ай ішінде шамамен 323 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейдегі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз бетінше жүзеге асыруды жалғастырады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату мамырда 800 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 28%-ын және күніне 40 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтараптық қағидатын ұстанады. Бұл шетел валютасын үнемі және біркелкі сатуды білдіреді. Осы тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында мамырда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы 240 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 8%-ын құрады.

Ұлттық Банк мамыр айында валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Маусымда Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған өтінімдеріне байланысты болады. Қаржы министрлігінің қолда бар болжамдық бағдарлары негізінде қажетті трансферттер сомасы бойынша Ұлттық Банк алдын ала маусымда Ұлттық қордан 500 млн АҚШ долларынан 550 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды жоспарлап отыр. Маусымда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу 200 млн АҚШ долларынан 250 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде күтілуде.

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты шеңберінде валюта нарығында жүргізілетін барлық операциялар туралы толық ақпаратты ашып көрсететін болады. Қысқа мерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтынвалюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады. 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

582.79 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға