1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Коллекциялық монеталардың сатыла бастайтыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылдың 17 ақпанынан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz/kz интернет-дүкені арқылы мына коллекциялық монеталардың сатыла бастайтынын хабарлайды:

- «Дала қазынасы» сериясымен шыққан KIIZ ÚI монеталарында интерференциялы құбылмалы бейнелеу және алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5000 дана.

KIIZ ÚI монеталарының бейнесі

- «Сиқырлы нышандар» сериясымен шыққан ÓMIR SHEJIRESI монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған.  Күмістен дайындалған монетаның сынамасы – 925/1000, массаcы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 777 теңгелік, таралымы – 7 777 дана. 

ÓMIR SHEJIRESI монеталарының бейнесі

- «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен шыққан QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL, MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL және TALǴAT BIGELDINOV. 100 JYL монеталары мельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, әрқайсының таралымы – 15 000 данадан. 

QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL монеталарының бейнесі

MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL монеталарының бейнесі

TALǴAT BIGELDINOV. 100 JYL монеталарының бейнесі

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға