1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Халық Банкі арасындағы ынтымақтастық Меморандумына қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Халық банкі Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды қолдану туралы шешімдерін іске асыру аясында Қазақстанда юаньмен өзара есеп айырысуды дамыту мүмкіндігін көздейтін Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум клиринг және ұлттық валюталардағы трансшекаралық есеп айырысуларды дамыту жөніндегі деректермен алмасу мәселелері бойынша орталық банктердің уағдаластықтарын бекітеді.

Меморандум жасасу – Қазақстан мен Қытай арасында қаржы саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа қадам болып табылады және трансшекаралық есеп айырысуларда ұлттық валюталарды неғұрлым кеңінен пайдалануға, сондай-ақ өзара сауда және инвестициялық қызметті дамытуға ықпал етеді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға