1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төтенше жағдай кезеңінде ҚР Ұлттық Банкіне есеп ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) валюталық заңнамаға сәйкес тапсырылатын есеп ұсыну мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды. Респонденттердің ҚРҰБ өңірлік филиалдарына 2022 жылғы 20 қаңтарға дейін тапсыратын есептері үшін ұсыну мерзімі осы жылдың 25 қаңтарына дейін ұзартылды (қоса алғанда).

Тапсыру мерзімін ұзарту келесі (мына) есептерге  қатысты:

  • ҚР-да валюталық операцияларға мониторинг жүргізу қағидаларына 3-6-қосымшалар (ҚРҰБ Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі №64 қаулысы);
  • ҚР-да қызметін жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйым филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат беру қағидаларына 3-4-қосымшалар (ҚРҰБ Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы №41 қаулысы);
  • ҚР-да экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 15-қосымша (ҚРҰБ Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы №42 қаулысы).

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға