1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем жүйелері 34 сұрақ

Егер банк шотындағы ақшаға тыйым салынса, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының клиенттің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері болса, инкассолық өкім қандай тәртіппен орындалады?

Санат: Төлем жүйелері

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2016 жылғы 26 шілдедегі ҚР Заңымен ҚР Азаматтық кодексінің 740-бабына (бұдан әрі – ҚР АК) өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес банктегі ақшаға билік етуді шектеу осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бір кезекке және (немесе) одан жоғары тұрған кезекке жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.

Осылайша, егер ақша жөнелтушінің банк шотындағы ақшаға АК 42-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында бұдан бұрын тыйым салынған болса, бұл ретте банкке алимент бойынша берешекті (бірінші кезек) өндіріп алу үшін инкассолық өкім келіп түссе, онда бұл инкассолық өкім тыйым салынған ақша есебінен орындалуға жатады.

Егер банкке бір кезектілікке жататын талаптарды қанағаттандыру үшін инкассолық өкімдер келіп түскен, сондай-ақ ақшаға сол кезек бойынша тыйым салынған жағдайда, инкассолық өкімдерді орындау олар банкке келіп түсуіне қарай күнтізбелік кезектілікпен жүргізіледі, оның ішінде ақшаға қандай атқарушылық іс жүргізу шегінде (қанадай іс бойынша) тыйым салынғанына қарамастан, тыйым салынған ақша есебінен орындалады.

Осылайша, ҚР АК 740-бабының 8-тармағының нормасы қолданысқа енгізілгеннен кейін инкассолық өкімдерді ҚР АК 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікті ескере отырып, тыйым салынған ақша есебінен орындауға мүмкін болады.

Мысал:

  1. Банктік шотта ҚР АК 742-бабының 4)-тармақшасының талаптарын орындау шеңберінде берілген тыйым салу бар болған кезде және инкассолық өкімдер  ҚР АК 742-бабының 1), 2), 3) және 4)-тармақшаларымен көзделген талаптар бойынша келіп түскен кезде банк тыйым салынған ақшалар есебінен инкассолық өкімдерді орындауға құқылы.
  2. Банктік шотта ҚР АК 742-бабының 4)-тармақшасының талаптарын орындау шеңберінде берілген тыйым салу бар болған кезде және инкассолық өкімдер басқа істер бойынша бірақ сол кезек бойынша орындалу үшін келіп түскен кезде банк тыйым салынған ақшалар есебінен инкассолық өкімдерді орындауға құқылы. Сонымен бірге бiр кезекке жататын талаптар бойынша банктен ақша алу тиiстi құжаттардың түскен уақыты бойынша кезектілікпен жүргiзiледi.

Ақша жөнелтушінің ағымдағы шотына қойылған төлем талабын орындау тәртібі

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Төлем жүйелері туралы заң) 32-бабына және «Қазақстан Респуликасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 36-бабына сәйкес жеке тұлға ақша жөнелтушінің ағымдағы шотына қойылған төлем талабы (бұдан әрі – ТТ) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ағымдағы шотын ондағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен оның ағымдағы шотына түсетін әрбір ақша сомасының 50 (елу) пайызы шегінде, тікелей дебеттеу арқылы орындалады, мысалы:

1) «Жеке тұлғаның ағымдағы шотынан қарыз шарты бойынша ТТ ішінара орындау»:

Егер 2017 жылғы 1 қаңтарда жеке тұлғаның ағымдағы шотына 100 000 теңге мөлшердегі сомаға ТТ қойылса, ал жеке тұлғаның шотындағы ақша қалдығы 200 000 теңге болса, осындай ТТ толық көлемде орындалады.

Жеке тұлғаның ақша қалдықтарының елу пайыз мөлшеріндегі ақшаларына билік ету мүмкіншілігі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және түсетін ақша сомасының есебінен ТТ одан әрі орындау ерекшелігін ескере отырып, аталған ТТ бойынша міндеттемелерді толық өтеуге дейін шығыс операцияларын тоқтата тұру қажеттілігі жоқ.

Егер жеке тұлғаның ағымдағы шотына бірнеше ТТ ұсынылған жағдайда олардың орындалуы олардың банкке түсу тәртібімен күнтізбелік кезектілікте жүргізіледі. Сонымен бірге кезекті ТТ орындалуы алдыңғыны толық орындаудан кейін іске асырылады. Мәселен, егер банк түскен ақша сомасынан ТТ бойынша соңғы төлем жасаса, және банкте кезекті ТТ бар болса, банк оның бастапқы орындалуын ағымдағы шоттағы ақша сомасынан 50% мөлшерінде іске асырады. Клиент кезекті ТТ орындаудан кейін қалған ақша сомасын пайдалана алады.

Сонымен бірге «Банктік қарыз шартынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы №7 қаулысының 24 және 25-тармақтарына сәйкес банк әр ТТ орындауды (алдыңғы ТТ толық орындаудан кейін) борышкер оған Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген сомасына (шоттағы ақшаның қалдық көлеміне) билік ете алатындай түрде (тиісті сомада) жүзеге асыру қажет.

2) «Мерзімі өткен берешекті өндіріп алу кезінде төлем ордерін қолдану»:

Төлем жүйелері туралы заңның 52-бабы клиенттің банктік шотын тікелей дебеттеуді қолдану бойынша жалпы нормаларын анықтайды. Мәселен, тиісті шарттарда ақша жөнелтушінің берген келісімдері негізінде банктік шотты тікелей дебеттеу ТТ немесе төлем ордерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге Төлем жүйелері туралы заңның 52-бабының 4-тармағы жасалған қарыз шарттарына, басқа да қарыз операциялар фактісін растайтын құжаттарына сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешектерді өндіріп алу үшін ТТ қолдануды айқындайды.  

Банктер туралы заңның 36-бабының 2-тармағы сондай-ақ банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу үшін ТТ қолдануды белгілейді. Сонымен бірге жеке тұлға - қарыз алушының ағымдағы шотынан берешекті өндіріп алу қарыз алушының ағымдағы шотында бар және (немесе) түсетін ақша сомасының 50% мөлшерімен шектеледі. Ұқсас ережелер №208 қаулыда бар. Аталған норма жеке тұлғаға – борышкерге тіршілік әрекетті қамтамасыз ету үшін және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларын ескере отырып ағымдағы шоттағы ақшаның 50% билік ету мүмкіншілігін беру мақсатында енгізілген.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №208 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидасының (бұдан әрі – № 208 қаулы) 140-тармағына сәйкес банк клиент пен оған қызмет көрсететін банк арасындағы шартта көзделген жағдайларға сәйкес төлем ордерлері бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Сонымен бірге қарыз бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған кезде банк оны өндіріп алу үшін ТТ пайдаланады (клиенттің – жеке тұлғаның ағымдағы шотынан ТТ орындау Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады).

3) «Бір банктік қарыз шарты шеңберінде ТТ саны бойынша шектеулер»

№208 қаулысының 55-тармағында бір банктік қарыз шарты шеңберінде ақша жіберуші – борышкердің банктік шоттарына бір мезгілде бірнеше ТТ қоюды шектейтін тура норма бар. Осылайша, банк бір банктік қарыз шарты шеңберіндегі қарыз бойынша берешекті өндіріп алу үшін бір ТТ қою керек. Сонымен бірге №208 қаулының 131-тармағымен ақша жіберушінің ТТ ұсынылған банктік шотында ақшаның жоқтығы немесе жеткіліксіздігі кезінде ТТ ақша жіберушінің басқа шоттарынан орындалуы көзделген.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында борышкердің әртүрлі банктерде ашылған банктік шоттарына бір қарыз шарты шеңберінде бір мезгілде ТТ қою бойынша шектеулер айқындалмаған.

Осылайша, №208 қаулының 55 және 131-тармақтарының нормалары бір қарыз шарты шеңберінде ТТ қою және оны бір банк жүйесіндегі басқа банктік шоттағы ақша есебінен орындау тәртібін реттейді деп санаймыз.

Төлем жүйелері заңының 32-тармағына сәйкес қарыз бойынша берешекті өндіріп алу үшін ТТ қоюдың негізділігіне өндіріп алушы жауапты болатынын ескереміз.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңына сәйкес нұсқауларды орындау мерзімдері

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Төлем жүйелері туралы заң) 46-бабының 2-тармағына сәйкес төлем тапсырмасы, төлем талабы, төлем хабарламасы, төлем ордері арқылы берілген нұсқауды орындауды ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей жасайды. Осылайша, нұсқауды операциялық үш күннен кешіктірмей орындау тек инкассолық өкімдерге қолданылады.

Аталған баптың 5-тармағына сәйкес ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей, бас тарту себебін көрсете отырып, нұсқауды орындаудан бас тартуды жасайды. Бенефициардың банкі бас тарту себебін көрсете отырып, нұсқауды алған операциялық үш күннің ішінде нұсқауды орындаудан бас тартады.

Бұл ретте төлем тапсырмасын, төлем талабын, төлем хабарламасын, төлем ордерін орындаудың, сондай-ақ  ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды орындаудан бас тартуының осы мерзімдері 2017 жылғы 1 маусымға дейін қолданылатын болады.

2017 жылғы 1 маусымнан бастап Төлем жүйелері туралы заңның 48-бабына сәйкес банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар нұсқауды жөнелтуші бастама жасаған күні орындауды қамтамасыз етуі тиіс.  Нұсқауды орындаудан бас тартуды ақша жөнелтушінің банкі бас тарту себептерін көрсете отырып, нұсқауды алған күнгі операциялық күннің ішінде жасайды.

Валюталау күнімен нұсқау валюталау күнімен айқындалған операциялық күн ішінде орындалатындығын атап өткен жөн. Егер валюталау күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, онда бенефициардың банкі ақшаны валюталау күні деп айқындалған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні бенефициардың банктік шотына есепке жатқызады (Төлем жүйелері туралы заңның 49-бабы).

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті аумақтық органдарының төлем тапсырмаларын орындау тәртібі

Санат: Төлем жүйелері

Осыдан бұрын № 30 нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті аумақтық органдарының бес миллион теңгеден асатын сомадағы төлем тапсырмасын бенефициардың банкі мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу туралы бенефициар ұсынатын хабарлама болған кезде орындалуға тиіс болатын.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларымен (бұдан әрі – № 208 қаулы) аталған №30 нұсқаулық күшін жойған,  және де №208 қаулысынан Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарымен аударылатын бес миллион теңгеден асатын сомадағы ақшаны банктер есепке алу үшін ақша алушының мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу туралы хабарламаларды ұсыну бойынша талаптар алынып тасталынды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы №597 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінен алушының тіркеу туралы хабарламаны банкке ұсыну тәртібін белгілейтін норма алынып тасталды.

Осыған орай көрсетілген ақша сомасын ақша алушының шотына есептеу банктермен нұсқауларды орындау үшін №208 қаулысында белгіленген мерзімде азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу туралы хабарламаны қосымша талап етуісіз жүзеге асырылады.

Жоғарыға