1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Статистика 13 сұрақ

«Кезеңнің соңына» және «кезеңде» деп көрсетілген кредиттер бойынша кестелердің арасында қандай айырмасы бар?

Санат: Статистика

«Кезеңнің соңына» деп көрсетілген кредиттер бойынша кестелерде нақты күндегі жағдай бойынша банктердің экономикаға кредиттері бойынша нағыз берешек қалдығы көрсетіледі.

«Кезеңде» деп көрсетілген көрсетілген кредиттер бойынша кестелерде банктердің нақты кезеңде берген кредиттері бойынша ақпарат көрсетіледі.

Банктік емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға кімдер жатады?

Санат: Статистика

Кредит және депозит нарықтары бойынша ақпараттың негізі болып табылатын ведомстволық статистикалық есептілігінің «СБ» нысандары шеңберінде банктік емес заңды тұлғаларға келесі резидент бірліктері жатады:

1) мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – мемлекеттік басқару органдармен бақыланатын, экономикалық елеулі бағалармен өткізілетін нарықтық тауарларды өндіру және қаржылық емес қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар;

2) мемлекеттік емес (жеке) қаржылық емес ұйымдар - мемлекеттік басқару органдармен бақыланбайтын, экономикалық елеулі бағалармен өткізілетін нарықтық тауарларды өндіру және қаржылық емес қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар. Олар мемлекеттік емес резидент бірліктердің немесе бейрезиденттердің бақылауында болуы мүмкін;

3) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін бейкоммерциялық ұйымдар (ҮШҚКБҰ) - үй шаруашылықтарына немесе тұтас алғанда қоғамға тегін немесе экономикалық елеусіз бағалармен нарықтық емес тауарлар мен қызметтер ұсынатын бейкоммерциялық ұйымдар. ҮШҚКБҰ негізінде мүшелік жарналар, қайырмалдықтар, нақты немесе қаржылық активтерден, қайырмалдықтар мен трансферттерден алынған табыстар арқылы қаржыландырылады. Бұл қоғамдық және діни бірлестіктер, партиялар, кәсіпшілер одағы ұйымдары, қайырымдылық қорлар, мәдениет және демалыс үйлері, спорттық клубтар және басқа қоғамдық ұйымдар.

Жеке тұлғаларға халық, заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер және жеке еңбек әрекетінің түрлері жатады.

Төлем балансы (ТБ) бойынша ведомстволық статистикалық қадағалаудың статистикалық нысандарын толтыру кезінде жиі кездесетін сұрақтар

Санат: Статистика

1. Төлем балансы бойынша статистикалық нысандар (бұдан әрі – ТБ нысандары) бойынша есептер беру жөніндегі жалпы сұрақтар

Сұрақ: Статистикалық нысандарды, ТБ нысандарының үлгілерін қайдан табуға болады?

Жауап: Төлем балансы бойынша статистикалық нысандардың тізбесі, үлгілері (excel) және оларды толтыру жөніндегі  нұсқаулықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалдарының байланыс деректері Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында «Статистика» бөлімінде → «Статистикалық және әкімшілік есептілік нысандары» → «Төлем балансы бойынша статистикалық есептілік нысандарының тізбесінде» орналастырылады.

Сұрақ: ТБ нысандары бойынша есептерді электрондық түрде тапсыруға бола ма?

Жауап: Excel форматында толтырылған үлгіні жүктеу арқылы https://nbportal.nationalbank.kz «ҚРҰБ веб-порталының пилоттық порталы» ААШЖ (бұдан әрі – ҚРҰБ порталы) арқылы тапсыруға болады.

Есепті ҚРҰБ порталы арқылы берген жағдайда есепті қағаз тасымалдағышта тапсырудың қажеті жоқ.

Сұрақ: ҚРҰБ порталында есептер тапсыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қайдан және қалай алуға болады?

Жауап: Қазіргі кезде ҚРҰБ порталында есептер тапсыру «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ҚБЕО ЭЦҚ) пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оны алу үшін Порталдың бетіне https://nbportal.nationalbank.kz сілтемесі бойынша кіру, талап етілетін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату/жаңарту және басты бетте орналастырылған ҚРҰБ Порталымен жұмысты бастау жөніндегі нұсқаулықпен (бұдан әрі – Нұсқаулық) танысу қажет.

Нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, «Есептік жазбаны құру» тармағына өту және басу арқылы ҚРҰБ Порталына тіркелу рәсімінен өту қажет. ҚРҰБ Порталында есептік жазбаны құрғаннан кейін кейіннен ҚРҰБ Порталында есептілік тапсыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға өтінімді қалыптастырып, жіберу қажет. Өтінімді сондай-ақ ресми хатпен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық технологиялар бөлімшесіне (050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй) басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған қағаз тасымалдағышпен жіберу керек. Толығырақ ақпаратты Нұсқаулықтан табуға болады.

Сұрақ: ТБ нысаны бойынша шаблонды толтыру кезінде пароль сұралады. Парольді айтуларыңызды сұраймыз.

Жауап:  Шаблон дұрыс толтырылған жағдайда парольді енгізу қажет болмайды. Файл мынадай жағдайда пароль сұратады:  егер пайдаланушы атау берілген және/немесе қорғалған саланы  редакциялағысы келсе, атап айтқанда елдің атауын қолмен енгізген, бөлімнің рұқсат етілген шегінен тыс мәндерді есептеген, көрсеткішті қайта атаған және т.б. жағдайларда. Тиісті бөлім  бойынша деректерді толтыруды бастамас  бұрын,  ең алдымен, қажетті бөлімдегі елдерді қосу қажет. Елді қосу менюдің  «Теңшеу» à«Елдер» à «Елді қосуды» таңдау арқылы бөлімнің әрбір бөлігі үшін жеке жүзеге асырылады. Егер «Теңшеу» парағы болмаған немесе «Теңшеу» парағы болып, бірақ «Теңшеу» парағына салынған тармақтар болмаса, онда менюдің Файл à тармағына ауысып, Параметрлер à Қауіпсіздікті басқару орталығы санаты à Қауіпсіздікті басқару орталығының параметрлері батырмасы à Макростар параметрлері санаты à «Хабарлама берумен барлық макростарды ажырату» опциясын таңдау à  ок. батырмасын басу қажет.  Шаблонды (оны сақтай отырып) жабу және қайтадан ашу және елдерді қосу және деректерді толтыра бастау қажет.

2. «Бейрезиденттерге қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» (код 7321202, индекс 1-ТБ, мерзімділігі тоқсандық)

Сұрақ: «Бейрезиденттерге қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» 1-ТБ ведомстволық статистикалық бақылаудың статистикалық нысанын ұсыну міндеті кімге қолданылады?

Жауап: Осы статистикалық нысанды мыналар ұсынады:

  • сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын, тиісінше, бейрезиденттерге талаптары және (немесе)  бейрезиденттер алдында міндеттемелері бар ұйымдар;
  • шетелдік қатысуы бар ұйымдар.

Статистикалық нысанды ұсынбайтындар:

  • мемлекеттік басқару органдары;
  • банктер;
  • Қазақстан Республикасында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдары.

Статистикалық нысанды ұсыну мерзімі оның  титул парағында көрсетілген – есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10 күнінен кешіктірмей. Егер  статистикалық нысанды ұсыну мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі келесі жұмыс күні  болып саналады.

Сұрақ: 1-ТБ есебінде сомалар  қандай валютада көрсетіледі?

Жауап:  1-ТБ есебінде барлық сомалар  тұтас  сандармен (дөңгелектеу жолымен) мың АҚШ долларында  ғана көрсетіледі. Өзге  шетел валютасында көрсетілген сомалар алдымен теңгеге, содан кейін АҚШ долларына  аударылады.

Анықтама үшін: Кірістердің барлық түрлері жалпы негізде  көрсетіледі, яғни салықтар шегерілмейді.

Сұрақ: 1-ТБ есебінде бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) туралы  ақпаратты  қалай көрсетуге  болады?

Жауап:  Бөлінбеген пайда  (жабылмаған зиян) туралы  ақпарат  есепті кезеңнің басы мен соңында 1-ТБ есебінде 10-Бөлімнің 10.1-бөлігінде  тиісінше 2211011 және 2211016 жолдарда көрсетіледі. Бөлінбеген пайда  (жабылмаған зиян) — ұйымның белгілі бір күнгі жағдай бойынша дивиденттер түрінде инвесторлар арасында бөлінбеген пайдасының (ұйымның алдыңғы есепті кезеңдерде барлық  қызмет түрлерін жүргізу нәтижесіндегі ысыраптарының сомасы) қоры. 2211011 және 2211016 жолдар шетелдік инвестордың респонденттің  капиталындағы бара-бар тиісті үлесі бойынша толтырылады. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) респонденттің қаржылық есептілігі, атап айтқанда шетелдік инвестордың иелік ету үлесін ескере отырып,  тиісті  кезең  үшін бухгалтерлік баланснемесе  капиталдағы  өзгерістер туралы есеп негізінде толтырылады.

Сұрақ: 1-ТБ нысанының 10-бөлімінің 10.1 бөлігінің 2211014 көрсеткіші бойынша ақпаратты көрсету үшін валюта бағамдарының өзгеруінен шығыстар шегерілген кірістерді қаржылық есептіліктің қай жерінен табуға болады?

Жауап: Аталған көрсеткіш шетелдік инвестордың иелену үлесін ескере отырып, айналым-сальдолық ведомостінде «Бағам бойынша басқа да кірістер» 6250 шоты бойынша және «Бағам бойынша басқа да шығыстар» 7430 шоты бойынша бағамдық айырма бойынша нетто болып табылады.

3. «Бейрезиденттерден алынған (бейрезиденттерге  көрсетілген) көлік қызметтері туралы есеп» (коды 7331202, индекс 2-ТБ, мерзімілігі тоқсандық)  (бұдан әрі 2-ТБ)

Сұрақ:  2-ТБ есебін қандай кәсіпорындар ұсынуға тиіс?

Жауап: Ведомстволық статистикалық байқаудың 2-ТБ статистикалық нысанын әуе, автомобиль, теңіз (өзен) көлігімен, құбыр арқылы тасымалдауды және электр энергиясын беруді жүзеге асыратын кәсіпорындар, аталған көлік түрлерімен делдалдық қызметті жүзеге асыратын көлік-экспедициялық компаниялар (бұдан әрі – КЭК) ұсынады.

Есепті ұсыну мерзімі есепті тоқсаннан кейінгі 30 күннен кешіктірмей.

Сұрақ: 2-ТБ есебін толтырудың қандай ерекшеліктері бар?

Жауап: Жүктерді тасымалдайтын кәсіпорындар 2-ТБ нысанының А, В және Г бөліктерін толтырады. Бұл ретте А бөлігінде «Қазақстан импортын тасымалдау», «Қазақстан экспортын тасымалдау» көрсеткіштері бойынша серіктес-елдердің атауында жүк әкетілген немесе апарылатын елдің атауы көрсетіледі.

Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындар 2-ТБ нысанының Б, В және Г бөліктерін толтырады. Бұл ретте Б бөлігінде «Қазақстанда сатылған билеттер» көрсеткішінде Қазақстан Республикасында кәсіпорынның өз рейстеріне сатылған билеттердің құны қамтылады; «Басқа елдерде сатылған билеттер» көрсеткішінде шетелдегі өкілдіктердегі кәсіпорынның рейстеріне сатылған билеттер құны қамтылады.

Көбінесе жүк тасымалдауды ұйымдастыру бойынша делдал қызметті басымды жүзеге асыратын транспорттық-экспедициялық қызметті көрсететін кәсіпорындар, әдетте, 2-ТБ нысанының В және Г бөліктерін «Экспедиторлық және басқа агенттік қызметтер үшін комиссиялық сыйақы» көрсеткіштерін (120 және 230 кодтары) толтырады. В бөлігінде бейрезиденттерден алынған сома, Г бөлігінде бейрезиденттерге көрсеткен қызметтері үшін аударылған сома көрсетіледі.

4. «Бейрезиденттермен халықаралық операциялар туралы есеп» (коды 7401202, индексі 10-ТБ, кезеңділігі тоқсан сайын)

Сұрақ: Бағдарламалық қамтамасыз етуді және соған байланысты лицензияларды сату (сатып алу) қай жерде көрсетіледі?

Жауап: Тапсырыспен және тапсырыс берілмеген (жаппай өндірілген) бағдарламалық қамтамасыз етуді және соған байланысты лицензияларды кәсіпорынның жұмысында одан әрі пайдалану үшін (қайта сатуды, қайта өндіруді және таратуды қоспағанда) сату (сатып алу) 10-ТБ нысанының 1-бөлігінде «компьютер қызметтері» жолында көрсетіледі – коды 30 (сатқан жағдайда) немесе 140 (сатып алған жағдайда).

Сұрақ: Қызметкерлерді оқыту (біліктілігін арттыру, тренингтер, семинарлар) қай жерде көрсетіледі?

Жауап: Кәсіпорын қызметін дамыту үшін қажетті біліктілігін арттыру мақсатында мамандарды семинарларда, курстарда даярлау және қайта даярлау бойынша оқыту 10-ТБ нысанының 1-бөлігінде қызметтің тиісті түрлері (оның ішінде түрлі іскерлік) бойынша жіктеледі. Мысалы, мамандарды кәсіпорындар үшін жеке әзірленген  бағдарламалық қамтамасыз етуге және компьютер техникасының жұмыс істеуіне байланысты оқыту бойынша қызметтер компьютер қызметтері ретінде; мамандарды архитектуралық-инженерлік  қызметтер саласында оқыту –  архитектуралық, инженерлік және техникалық қызметтер және т.б. ретінде 10-ТБ-да көрсетіледі.

Алайда жеке тұлғалардың оқуына, оның ішінде сутденттердің ЖОО-да оқуына, қызметкерлердің кәсіпорынның қызмет түріне байланысты емес семинарларда немесе курстарда оқуына  шығыстарды өтеу 10-ТБ нысанының 1-бөлігінде «Жеке тұлғаларға қызметтер және мәдениет пен демалыс саласындағы қызметтер» ретінде, атап айтқанда «оқыту (жол жүрулер) ретінде көрсетіледі.

Сұрақ: Делдалдық қызметтер үшін комиссиялық сыйақы қайда көрсетіледі?

Жауап: тауарларды қоймаларда сақтау қызметтерін қоспағанда, тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен операциялардан агенттерге комиссиялық сыйақы «саудамен байланысты көрсетілетін қызметтер» сияқты «Әртүрлі іскерлік қызметтерде» 10-ТБ нысанының 1-бөлігінде көрсетіледі (жолдардың коды бейрезиденттерден алынған комиссиялық сыйақылар бойынша 90 немесе бейрезиденттердің пайдасына төленген комиссиялық сыйақылар бойынша 200).

Сұрақ: Халықаралық конференцияларға, форумдарға, конгрестерге қатысқаны үшін ақы қайда көрсетіледі?

Жауап: Халықаралық конференцияларға, форумдарға, конгрестерге қатысқаны үшін ақы «Өзге де іскерлік қызметтер» жолы бойынша 10-ТБ нысанының 1-бөлігінде көрсетіледі (кодтары 91 немесе 201).

Cұрақ: 10-ТБ нысаны бойынша есептің 4-бөлігі қандай жағдайларда толтырылады?

Жауап: Егер ұйым тауарлардың экспортын және (немесе) импортын жүзеге асырса және резиденттерге немесе бейрезиденттерге осындай тауарларды тасымалдау бойынша шығыстарды төлесе, 10-ТБ нысанының «Көлік қызметтері» 4-бөлігін толтыру қажет. Бұл ретте, егер ұйым экспорттық тауарларды тасымалдау шығыстарын көтерсе, онда 10-ТБ нысанының 4-бөлігінде тауарлар экспортының құны да толтырылады. Осыған ұқсас импорттық тауарларды тасымалдау шығыстары болған кезде тауарлар импортының құны толтырылады. Экпорттық (импорттық) тауарларды тасымалдау шығыстары болмаған кезде 10-ТБ нысанының 4-бөлігінде экспорттың (импорттың) құны бойынша тиісті көрсеткіштерді толтыру талап етілмейді.

Сұрақ: «Материалдық емес активтермен операцияларға» не кіреді?  

Жауап: Материалдық емес активтермен операциялар 10-ТБ нысаны бойынша есептің 5-бөлігінде көрсетіледі және маркетингтік активтерді сату мен сатып алуды қамтиды, оған брендтердің атауы, мерзімді басылымдардың тақырыбы, сауда маркалары, логотиптер және домендердің атауы; спортшының бір клубтан екіншісіне өткені үшін трансфертке ақы төлеу кіреді.

Жоғарыға