Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Спорт» сериясынан UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Монеталардың сатуға шығарылатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталары туралы

UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталары футболдан Еуропа чемпионатына арналған коллекциялық монеталарды шығаруға UEFA ресми лицензиясының иегері MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) неміс нумизматикалық компаниясымен әріптестік негізде дайындалды.

Монетадағы футбол добы жер шарын бейнелейді. Допта чемпионат матчтары өтетін қалалар белгіленген Германия картасының контуры бейнеленген. Доптың сыртында турнирдің финалдық бөлігіндегі командалардың санын білдіретін 24 жұлдыз бар.

Монеталар күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Мұнда жоғары бедер мен алтын жалатуда жаңа технология қолданылып отыр. Монета массасы – 20 грамм, диаметрі – 32 мм, дайындау сапасы – proof және anti-proof. Монетаның номиналы – 100 теңге, жалпы таралымы – 2 500 дана. Қазақстанның ішкі нарығы үшін монета таралымы – 1 500 дана, сыртқы нарық үшін (жоба серіктесі – MDM нумизматикалық компаниясы) – 1 000  дана.

Монетаның бейнесі

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің номиналды құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, барлық банкте банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады. Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірленген сапа сертификаты бар кәдесый қаптамасында шығарылады.

Еске сала кетейік, PlayMarket пен AppStore дүкендерінен «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасын ақысыз жүктеп алуға болады. Онда қысқаша сипаттамасымен сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген ҚҰБ шығаратын барлық монета туралы ақпарат қамтылған.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға