Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қаржылық технологиялар департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1. Ұлттық Банктің міндеттеріне, функцияларына және өкілеттіктеріне сәйкес Ұлттық Банктің ақпараттық технологияларын (бұдан әрі – АТ) дамыту стратегиясы мен саясатын  айқындау

2. Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелерінде және филиалдарында ақпараттық жүйелерді және АТ шешімдерді құру, ендіру, дамыту және қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

3. Департамент құзыреті шегінде Ұлттық Банкті тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз ету

4. Ұлттық Банктің АТ активтерін басқару

5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу

6. Департамент құзыреті шегінде жаңа инновациялық және қаржылық технологияларды талдау және дамыту

Департамент директоры - Жакупов Жанат Тукенович

Телефон: +7 (717) 2775-159
e-mail: Zhanat.Zhakupov@nationalbank.kz
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Ақша-кредит саясаты департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. Ақша-кредит саясаты саласында зерттеулер жүргізу, оның экономика жағдайына ықпалын бағалау және  ақша-кредит саясатының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдарын дайындау
  2. Департаменттің құзыреті шеңберінде стратегиялар, тұжырымдамалар және бағдарламалар әзірлеу бойынша орталық атқарушы органдармен өзара іс-әрекет жасау шеңберінде экономиканың ағымдағы ахуалын және нақты сектордың, қаржы жүйесінің және әлеуметтік саланың даму перспективаларын талдау
  3. Экономикалық процестердің үлгісін жасау және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын жасау, үлгісін жасау және болжам жасау нәтижелері негізінде елдегі макроэкономикалық ахуалды бағалау және оған талдау жасау
  4. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша  ақпараттық-талдау материадарымен қамтамасыз ету
  5. Нақты сектор кәсіпорындарының мониторингін өткізу
  6. Құрылымды басқару, Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурстын  ақпараттық материалдармен толықтыру және жаңарту

Департамент директоры - Оразалин Рустем Жангельдиевич
Tелефон: + 7 (717) 277-55-95
e-mail: Orazalin.RZ@nationalbank.kz 
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Қаржы нарығының статистикасы департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. Ақша-кредит және қаржы статистиканы қалыптастыру мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз ету;
  2. Ақша-кредит және қаржы статистиканы қалыптастыру және тарату;
  3. Қаржы ұйымдары, банк конгломераттары және сақтандыру топтары, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктері және кредиттік бюролары ұсынған есептілікті қалыптастыру және тарату;
  4. Деректерді басқару жүйесін және деректер архитектурасын қалыптастыру және дамыту.

Директор департаменты– Буранбаева Айгуль Мэлсовна
Телефон: +7 (717) 277-55-57
Aigul.Buranbayeva@nationalbank.kz
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Төлем балансы департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру және тарату;

2) сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыруды әдіснамалық қамтамасыз ету;

3) Ұлттық Банктің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы саясатын әдіснамалық және нормативтік қамтамасыз ету және оны іске асыруға қатысу;

4) резиденттер мен резидент еместердің валюталық операцияларының және ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерінің мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

5) экономиканың сыртқы секторының ағымдағы жай-күйін және оның даму перспективаларын талдау, сыртқы сектордың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдарын дайындау.

Департамент директоры – Ускенбаев Азат Бекболатович

Телефон: +7 (727) 2596-818

e-mail: Azat.uskenbayev@nationalbank.kz

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1.Қаржылық тұрақтылық бойынша жұмысты ақпаратпен қамтамасыз ету.

2.Қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдерді бағалау мақсатында зерттеулер жүргізу және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларға талдау жасау.

3.Экономиканың қаржы және өзге де секторлары субъектілерінің тұрақтылығын бағалау мақсатында стресс-тестілеу өткізу.

4.Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін макропруденциялық саясаттың тиімділігін талдау.

5.Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есепті дайындау.

Департамент директоры - Кубенбаев Олжас Муратович

Телефон: + 7 (717) 277-53-74

e-mail: Olzhas.Kubenbayev@nationalbank.kz

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Монетарлық операциялар департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару
  3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын  жүзеге асыру мақсатында қаржы нарықтарында операциялар жүргізу
  4. Ұлттық Банктің банктердің банкісі функциясын жүзеге асыруына қатысу
  5. Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының Үкіметі банкінің, қаржы кеңесшісінің, агентінің функцияларын жүзеге асыруына және Қазақстан Республикасының Үкіметі және олармен келісім бойынша басқа мемлекеттік органдар үшін өзге де қызметтерді көрсетуге қатысу
  6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару
  7. Ұлттық Банктің клиенттерінің активтерін сенімгерлік басқару

Директор - Турсунханов Нуржан Аскарович

телефон: 8 (717) 277-54-51

е-mail: Tursunkhanov@nationalbank.kz 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті

Департаменттің негізгі міндеті:

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Департамент директоры - Иралимов Батырхан Мирамканович

Телефон: + 7 (717) 277-54-10

e-mail: Batyrhan.Iralimov@nationalbank.kz

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Заң департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) заңдылықты нығайтуға ықпал ету және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, Ұлттық Банктің, оның бөлімшелерінің және қаржы нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын дұрыс және біркелкі қолдануын қамтамасыз  ету;
2) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін, валюталық реттеуді және бақылауды, Қазақстан Республикасы аумағында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану;
3) Ұлттық Банктің, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын құқықтық насихаттау және түсіндіру, Ұлттық Банкте, қажеттілігіне қарай, Ұлттық Банк қызметкерлері үшін орталық аппарат бөлімшелері өткізетін семинарлар шеңберінде лекциялар өткізу арқылы жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;      
5) Ұлттық Банкте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізуді үйлестіру;
6) Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау;
7) қаржы нарығындағы қызметті, кредиттік бюролардың, актуарийлердің қызметін лицензиялауды, қаржы ұйымдарын ашуға (құруға) рұқсаттар, қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге, мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны аккредиттеуге келісімдер беруді (кері қайтарып алуды) құқықтық қамтамасыз ету;
8) Ұлттық Банктің норма белгілеу қызметіне талдау жасау және талдаулардың нәтижелері бойынша Ұлттық Банк Төрағасына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
9) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының  жобаларын, сондай-ақ заң сипатындағы  басқа  құжаттарды  әзірлеуге  қатысу  болып табылады.

Департамент директоры – Косбаев Нуржан Кайыргалиевич
Тел: +7 (7172) 77-52-86
e-mail: Nurzhan.Kosbayev@nationalbank.kz


Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

 

Бухгалтерлік есеп департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) ҚР Ұлттық Банкі жүргізетін барлық операциялар үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында бірыңғай әдіснамалық саясат пен ұстанымдарды дайындау;

2) ҚР Ұлттық Банкінің салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты және әлеуметтік төлемдерді қоспағанда) бойынша есептілікті уақтылы, толық және дұрыс есептеуін, төлеуін және ұсынуын қамтамасыз ету;

3) ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық және статистикалық есептілігін дайындау және ұсыну;

4) бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру саласында қаржы ұйымдарын, микроқаржы ұйымдарын реттеу;

5) қаржы ұйымдарының (қызметінің ерекше түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары талаптарын сақтауын бақылау және қадағалау;

6) ҚР Ұлттық Банкі еншілес ұйымдарының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жасау саласында бірыңғай саясатты дайындау, ҚР Ұлттық Банкі еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін жинақтау және тексеру.

Департамент директоры – Тайшибаева Дина Асылбековна
Телефон: +7 (717) 277-52-55
e-mail: dbu@nationalbank.kz
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Төлем жүйелері департаменті

Департаментінің негізгі міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың тиімді дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;
  2. Қазақстан Республикасында ақша төлемі және аударымдарын жүзеге асыру тәртібін және тәсілдерін реттеу, банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу;
  3. төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру;
  4. төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау.

Департамент директоры - Ашықбеков Ерлан Тасқынбекұлы
Телефон: +7 (717) 277-53-44
е-mail: Аshykbekov@nationalbank.kz
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Ішкі аудит департаменті

Департаменттің негізгі міндеті:

Ұлттық Банкте ішкі аудитті тиісті ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету.

Директор - Базарбаев Берік Тағайұлы

Телефон: + 7 (717) 277-52-17
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Ұлттық Банкке қарыздар беру және халықаралық қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу мәселелерін қоса алғанда, өзге мемлекеттердің және халықаралық қаржы жүйесінің әр түрлі ұйымдарымен ынтымақтастық саласында Ұлттық Банктің бірыңғай саясатын қамтамасыз ету;
2) интеграциялық бірлестіктер шеңберінде мемлекетаралық ведомстволармен ынтымақтастық саласында Ұлттық Банктің бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;
3) Ұлттық Банк басшылығының халықаралық және мемлекетішілік байланыстарын хаттамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

Департамент директоры – Сайлаубекұлы Нұрлан

Телефон: + 7 (717) 277-52-39

e-mail: nurlans@nationalbank.kz

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

 

Тәуекелдер және комплаенс департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Ұлттық Банктің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;

2) Ұлттық Банктің қаржылық тәуекелдерін талдау және басқару;

3) активтерді инвестициялық басқару кезінде тәуекелдің/ кірістіліктің берілген деңгейіне сәйкес Ұлттық Банктің қаржылық тәуекелдерін басқару;

4) Ұлттық Банктегі комплаенс процесін ұйымдастыру;

5) Ұлттық Банктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру;

7) Ұлттық Банктің операциялық тәуекелдерін басқаруды  талдау  және  ұйымдастыру;

8) Ұлттық Банк қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету  процесін  ұйымдастыру.

Департамент директоры – Ізбасаров Ануар Өмірбекұлы
Телефон: +7 (717) 277-51-89
e-mail: DepartamentRiskov@nationalbank.kz

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Адам капиталын дамыту департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) қызметкерлерді іріктеу және жалдау, кадрлар ісқағаздарын жүргізу жұмысын қамтамасыз ету;

2) еңбекақы төлеу жүйесін әзірлеуді, сақтандыруды, қарыз беруді қоса алғанда, Ұлттық банк құрылымын оңтайландыру және қызметкерлерді ынталандыру жұмысын ұйымдастыру;

3) қызметкерлерді басқару мен дамытудың әдістерін жетілдіру жөнінде кешенді жұмыс жүргізу;

4) Ұлттық банктің орталық аппаратының, филиалдарының және өкілдігінің қызметкерлеріне еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдер бойынша есеп айырысуды орталықтандырылған тәртіпте ұйымдастыру және жүргізу.

Департамент директоры – Токбергенова Шолпан Тугелбаевна
Телефон: + 7 (717) 277-51-28
E-mail: tokbergenova@nationalbank.kz
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Қолма-қол ақша айналысы департаменті

Департаментіның негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру (банкноттар мен монеталарды айналысқа шығару, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан алу, кассалық операциялар, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, күмәнді банкноттар мен монеталардың сараптамасы, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділік белгілерін айқындау мәселелері);

2) Қазақстан ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайнын әзірлеу;

3) уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасын және аффинирленген алтынның өлшеуіш құймаларын сатып алу және (немесе) сату тәртібін белгілеу;

4) банктік емес айырбастау пункттерін лицензиялау тәртібін белгілеу және уәкілетті банктердің айырбастау пункттерінің, сондай-ақ ерекше қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабардар ету.

Департамент директоры - Адибаев Арман Серикханович
Телефон: +7 (717) 277-53-06

e-mail: Adibayev.a@nationalbank.kz
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. Ұлттық Банктің Төрағасы орынбасарларының қызметін қамтамасыз ету;
  2. Ұлттық Банк қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріндегі, филиалдарындағы және ұйымдарындағы құжаттандырудың және құжаттармен жұмыс істеудің, электрондық құжат айналымының, құжаттарды сақтаудың бірыңғай тәртібін ұйымдастыру;
  3. Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелерінде, сондай-ақ филиалдарында және ұйымдарында  орындаушылық тәртіпті бақылауды ұйымдастыру;
  4. Ұлттық Банкте мемлекеттік тілді дамыту, құжаттарды аудару бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Департамент директоры – Әбілқасымов Алмаз Ерасылұлы
Телефон: +7 (717) 277-51-15
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Операциялык есепке алу департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Ұлттық Банк клиенттерінің банк шоттарына қызмет көрсету;

2) Ұлттық Банк пен «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының пайдаланушылары, Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен филиалдары арасындағы ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру;

3) монетарлық операциялар бойынша есеп айырысуды жүргізу;

4) монетарлық операцияларының қосалқы есебі;

5) жасалған шарттарға, қосалқы бухгалтерлік есеп әдістеріне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Ұлттық Банктің нормативтік емес құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банктің монетарлық емес қызметі бойынша және монетарлық қызметті қамтамасыз етуге байланысты кейбір операциялар бойынша операцияларды тиісті баланстық және баланстан тыс шоттарда, сондай-ақ жүйеден тыс есепте уақтылы  және дұрыс көрсетуді қамтамасыз ету;

 6) Ұлттық Банктің орталық аппараты кассасының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

7) Ұлттық Банктің мүлкін, активтері мен міндеттемелерін түргендеуді жүзеге асыру;

8) Басқарма қызметінің мәселелері бойынша есептіліктерді жасау және құжаттарды қалыптастыру.

Департамент директоры – Баймуканов Жанат Сейтжанович
телефон: + 7(717) 277-50-58
e-mail: pion@nationalbank.kz
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Қаржы департаменті

 Департаменттің негізгі міндеттері:

1) бюджетті (шығыстар сметасын), кірістер мен шығындар болжамын, Ұлттық Банктің сатып алу жоспарын оның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес қалыптастыру, Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасының), кірістері мен шығындары болжамының атқарылуына талдау мен бақылау жасау ;

2) төмендегі жөнінде бірыңғай әдіснаманы қамтамасыз ету:

- Ұлттық Банктің бюджетін (шығыстар сметасын), кірістер мен шығындар болжамын жоспарлау, олардың орындалуы туралы есептелік;

- Ұлттық Банк құрған мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорындар) бюджетін жоспарлау;

- мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу;

- мемлекеттік кәсіпорындардың, Ұлттық Банк акционері (сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын, мемлекет бақылайтын., акционерлік қоғамдардың даму жоспарларын, олардың іске асырылу мониторингі және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және бекіту;

- Ұлттық Банк және мемлекеттік кәсіпорындар шығаратын, өткізетін және көрсететін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын белгілеу;

3) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. 

Департамент директоры - Стамбекова Жанара Жексебаевна
Телефон: +7 (717) 277-50-87
е-mail: Secretar.FD@nationalbank.kz
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Қауіпсіздік департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Ұлттық Банк жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін дамыту және жетілдіру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерінің тиімділігін арттыру;
2) Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелерінің, Өкілдігінің, филиалдарының мемлекеттік құпияларға жатпайтын ақпараттық активтерін қорғау мақсатында Ұлттық Банкте ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін пайдалану, олардың жұмысын және дамуын қамтамасыз ету;
3) Ұлттық Банктің объектілерінде кіруге рұқсат беру және объектішілік режимдерін бақылау;
4) Қауіпсіздіктің ықтимал қауіп-қатерлерін айқындау, оның салдары Ұлттық Банкке залал келтіруі мүмкін;
5) Ұлттық Банктің объектілерінде физикалық тұрғыдан, ішкі қауіпсіздік және терроризмге қарсы қорғану тәуекелдерін азайту бойынша ic-шараларды өткізу;
6) Ұлттық Банктің орталық аппаратында, Өкілдігінде, филиалдарында және еншілес ұйымдарында өрт және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін үйлестіру, инженерлік-техникалық қауіпсіздік жүйелерінің жабдықтарына мониторинг жүргізу, олардың жұмысқа жарамды болуын қамтамасыз ету, олардың бұзылу тәуекелдерін барынша азайту;
7) Ұлттық Банктің орталық аппаратында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша іс-шараларды өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес Ұлттық Банктің филиалдары мен еншілес ұйымдарында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша іс-шаралардың өткізілуін бақылау.

Департамент директоры – Мурзалин Ержан Жанбатырұлы
Телефоны: + 7 (717) 277-50-13
Электрондық мекенжайы: Inspector.DB@nationalbank.kz

Мекенжайы: Z05T8F6, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Ұлттық Банк Төрағасының аппараты департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қызметін қамтамасыз ету;

2) ҚРҰБ Төрағасының іс-шараларын хаттамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

3) ҚРҰБ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;

4) ҚРҰБ Төрағасының кеңесшілері мен көмекшілерінің қызметін қамтамасыз ету.

Департамент директоры - Белгібаев Бауыржан Қуанышұлы

Телефон: +7 (7172) 77-56-47

e-mail: Baurzhan.Belgibayev@nationalbank.kz

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Ұлттық Банктің ақпараттық түсіндіру және имидж жұмысы бойынша бірыңғай саясатын қамтамасыз ету;

2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Ұлттық Банктің мемлекеттің ақша-кредит саясатын іске асыру жөніндегі қызметі, өмірдегі маңызды оқиғалар және Ұлттық Банктің қызметі туралы Қазақстан және шетел жұртшылығын хабардар етуді ұйымдастыру;

3) Ұлттық Банктің ресми басылымдарын шығаруды  қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру және техникалық іс-шараларды жүзеге асыру.

Департамент директоры - Ахметжан Асан Қайроллаұлы

Телефон: +7 (717) 277 – 52-05

e-mail: Assan.Akhmetzhan@nationalbank.kz

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Әкімшілік басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету жолымен Ұлттық Банктің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету;
2) Ұлттық Банктің балансындағы үйлер мен ғимараттардың тиісті жай-күйінде ұстау.

Басқарма бастығы – Парманкулов Сабит Шаймарданұлы

Телефон: + 7 (717) 277-50-40

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты

Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқармасы

Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы - Жанайдарова Сая Куттыгуловна

Телефон: +7 (717) 277-50-08

Жоғарыға