link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

2000 теңге

Дизайны өзгерген номиналдық құны 2 000 теңгелік банкноттың сипаттамасы

 

2013 жылғы 29 наурызда айналысқа жіберілді.

Өлшемі: 139х73 мм

Бет жағында: басым түстері қою және ашық жасыл, суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Банкноттың төменгі бөлігінде түс ауыстыру бояумен орындалған киіктің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту бейнеленген. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның астында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.

Сырт жағында: басым түстері қою және ашық жасыл, суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Ертіс өзені бейнеленген Қазақстан картасының сұлбасы. Оң жақ бөлікте номиналы, стильдендірілген киіз үй және мемлекеттік тудың бейнелері бар ені 13 мм голографиялық жолақ орналасқан. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және төмен  банкнот номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай - орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, сол жақ төменгі бұрышта банкнот номиналының белгіленуі астында «Подделка банкнот преследуется по закону» деген  жазу орналасқан.

Жетінші Қысқы Азия Ойындарына арналған 2011 жылғы номиналы 2000 теңгелік ескерткіш банкнотаның сипаттамасы

 

2011 жылғы 17 қантарда айналысқа жіберілді.

Таралымы: 20 000 000 дана

Өлшемі: 139х73 мм

Бет жағы: басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы алтын түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан және өзгермелі бояумен орындалған қар ұшқыны бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде оң жағында тігінен орналасқан, оның үстінде жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым бейне – көлденең. Негізгі бейне: тау аясындағы шаңғышы және VII Азия ойындарының символикасы. Төменгі сол жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі  орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. Банкнотаның бүкіл өнбойында ашық орындарға қазақтың ұлттық ою-өрнегінің мотиві пайдаланылған.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

 

Банкнота өлшемі 139х73 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне:  Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі  орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан бастап ақша айналысынан алынды. 2017 жылғы 3 қазанға дейін (қоса алғанда) олар екінші деңгейдегі барлық банктер мен Қазпочтада айырбастауға жатады. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2020 жылғы 3 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталды. 2017 жылғы 4 қазаннан бастап екінші деңгейдегі банктер және Қазпочта оларды Ұлттық Банктің филиалдарына одан әрі қабылдайды.

2000 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот.

Көлемі 144 х 69 мм. Басым түстері - жасыл және көкшіл.

Бет жағы: негізгі бейне -  философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті. Сол жағына "Қазақстан Ұлттық Банкі" деп жазылған. Портреттің сол жағына сутамғы белгімен Әль-Фарабидің қырынан қарағандағы бейнесі және сутамғы белгімен Барыс бейнеленген. Портреттің оң жағына реттік нөмірі тік сызықтың бойымен қызыл бояумен салынған. Портреттің сол жағына жоғарыда көлденеңінен реттік нөмірі қара бояумен салынған. Реттік нөмірдің астына "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деп жазылған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен және әріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.

Сырт жағы: Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі. Кесене бейнесінің сол жағына жоғарыда ақшаның номиналы сандармен және әріптермен көрсетілген. Жоғарғы оң жағына "Подделка банкноты преследуется по закону" деп жазылған.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2000 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды.   Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2018 жылғы 14 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады. Екінші деңгейдегі банктер мен Қазпочта оларды Ұлттық Банктің филиалдарына одан әрі сараптамаға беру үшін ғана қабылдайды.   

1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот.

Көлемі 144 х 69 мм.

Басым түстері - жасыл және қара. Бет жағындағы негізгі бейне -  философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950) портреті. Сырт жағындағы негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенсінің бір үзігі. Банкнотқа салынған философ Әл-Фараби бейнесі сондай-ақ сутамғы белгімен де бейнеленген.
Сутамғы белгі банкнотты жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қою және ашық түстерден тұрады.

Номиналы 2000 теңгелік  банкноттардың негізгі айыру ерекшеліктері

2000 жылы

1996 жылы

 

Оң жақ төменгі бұрышы

 

Төменгі орта тұсы

 

Орта тұсының сол жағындағы қорғау жібі

 

Оң жақ төменгі бұрышы

 

Төменгі орта тұсы

 

Орта тұсының сол жағындағы қорғау жібі

 

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысына сәйкес 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды айырбастау 2013 жылғы 30 қазанда аяқталды.  

 

 

 

 

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
100 теңге
50, 20, 10, 5, 3, 1 теңге
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017